User Guide - Windows 7

ЕСКЕРТПЕ: Егер қалпына келтіру бөлімі компьютермен бірге жеткізілмесе, қалпына келтіру дискілері
қамтылады.
1. HP Recovery Manager бағдарламасын төмендегі жолдармен іске қосыңыз:
Пуск (Бастау) тармағын таңдаңыз да, іздеу жолағына қалпына келтіру деп жазыңыз.
Тізімнің ішінен НР Recovery Manager тармағын таңдаңыз.
– немесе –
Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз және экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары
көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Содан соң, «F11 (System Recovery)» (F11 (Жүйені
қалпына келтіруі)) хабары экранда көрсетілгенде f11 пернесін басыңыз.
2. HP Recovery Manager терезесінде System Recovery (Жүйені қалпына келтіру) параметрін
таңдаңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қалпына келтіру дискілерінен қалпына келтіру
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Бірінші қалпына келтіру дискісін компьютердегі оптикалық диск жетегіне немесе қосымша
сыртқы оптикалық диск жетегіне салыңыз да, компьютерді қайта іске қосыңыз.
– немесе –
Қалпына келтіру флэш-жадын компьютердің USB портына салып, компьютерді қайта іске
қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер HP Recovery Manager бағдарламалық құралын автоматты түрде қайта
қоспаса, компьютердің жүктелу тәртібін өзгертіңіз. Компьютердің жүктелу тәртібін өзгерту
(65-бет) бөлімін қараңыз.
3. Жүйе іске қосылып жатқанда f9 пернесін басыңыз.
4. Оптикалық дискіні немесе флэш-жадын таңдаңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Компьютердің жүктелу тәртібін өзгерту
Қалпына келтіру дискілерінің жүктелу тәртібін өзгерту үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
1. Компьютерді қайта іске қосыңыз.
2. Компьютер қайта іске қосылып жатқанда esc пернесін басып, жүктелу параметрлерін ашу үшін f9
пернесін басыңыз.
3. Жүктелу параметрлері терезесінен Internal CD/DVD ROM Drive (Ішкі CD/DVD диск жетегі) тармағын
таңдаңыз.
Қалпына келтіру флэш-жадының жүктелу тәртібін өзгерту үшін, мына әрекеттерді орындаңыз:
1. Флэш-жадты USB портына жалғаңыз.
2. Компьютерді қайта іске қосыңыз.
Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру 65