User Guide - Windows 7
Бейне құрылғыларын VGA кабелі арқылы қосу (таңдаулы өнімдерде ғана)
ЕСКЕРТПЕ: VGA бейне құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын VGA кабелі қажет
болады.
Презентация жасау мақсатында компьютер экранындағы кескінді сыртқы VGA мониторында немесе
проекторында көрсету үшін, мониторды не проекторды компьютердің VGA портына жалғаңыз.
1. Монитордың не проектордың VGA кабелін компьютердегі VGA портына суретте көрсетілгендей
жалғаңыз.
2. Экрандағы суретті 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернесін басыңыз:
●
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
●
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
●
Кеңейтілген: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
●
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
fn+f4 пернелер тіркесімі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтиже үшін, егер «Расширение» (Кеңейту) опциясы таңдалған болса, сыртқы
құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Start (Бастау) > Control Panel
(Басқару тақтасы) > Appearance and Personalization (Безендіру және даралау) тармақтарын
таңдаңыз. Дисплей ішінен Настройка разрешения экрана (Ажыратымдылықты теңшеу)
параметрін таңдаңыз.
Бейне құрылғыларын HDMI кабелі арқылы қосу (тек таңдаулы үлгілерде)
ЕСКЕРТПЕ: HDMI құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын HDMI кабелі қажет болады.
Компьютер экранындағы кескінді ажыратымдылығы жоғары теледидардан не компьютерден көру
үшін ажыратымдылығы жоғары құрылғыны келесі нұсқауларға сәйкес жалғаңыз.
1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз.
Бейнені пайдалану 29