User Guide - Windows 10

5 Ойын-сауық мүмкіндіктері
НР компьютерін бизнес немесе ойын-сауық мақсаттарында басқа пайдаланушылармен веб-камера
арқылы байланысу, дыбыс пен бейнені біріктіру немесе проектор, монитор, теледидар не үндеткіштер
сияқты сыртқы құрылғыларды қосу үшін пайдаланыңыз. Компьютерде аудио, видео және камера
мүмкіндіктерінің орналасқан орындары туралы ақпаратты Бөліктер (4-бет) бөлімінде қараңыз.
Веб-камераны пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Компьютердің веб-камерасы (кірістірілген камера) бейнені жазады және фотосуретке түсіреді. Кейбір
модельдерде бейне ағыны мүмкіндігімен бейнеконференция мен желіде чат сеанстарын
ұйымдастыруға болады.
Камераны ашу үшін тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына камера сөзін теріңіз және
қолданбалар тізімінен
Камера опциясын таңдаңыз.
Түрту қимылын бөлісу үшін пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
Компьютеріңізде қосымша Near Field Communication (NFC) аппараттық құралы бар, ол NFC мүмкіндігі
іске қосылған құрылғылар арасындағы сымсыз ортақтасу үшін ақпаратын көругі мүмкіндік береді. NFC
технологиясымен веб-тораптарлы ортақ пайдалануға, байланыс ақпаратын тасымалдауға және NFC
қолдайтын принтерлердегі басып шығару үшін түрту мүмкіндігін пайдалануға мүмкіндік береді.
КЕҢЕС: Қосымша NFC мүмкіндіктерін бере алатын NFC бағдарламаларын жүктеп алуға болады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Ортақ пайдалануды бастамас бұрын, құрылғыларыңызда NFC мүмкіндігінің
іске қосылғанына көз жеткізіңіз. Сонымен қатар, NFC мүмкіндігінің Windows 10 құрылғыларында
жұмыс істеуі үшін sBeam сияқты кейбір қызметтерді өшіру қажет болуы мүмкін. Оның Windows 10
жүйесімен сыйысымды болуын тексеру үшін NFC құрылғысы өндірушісінен сұраңыз.
Ортақ пайдалануды бастау
Құрылғыңыз бен компьютеріңіздің арасында ортақ пайдалануды бастау үшін NFC құрылғысын
компьютермен жалғаңыз.
1. Ортақтасқыңыз келген элементті ашыңыз.
30 5-тарау Ойын-сауық мүмкіндіктері