User Guide - Windows 10
2. Екі NFC антеннасын біріктіріп ұстаңыз. Антенналар бір-бірін таныған кезде, дыбыс естілуі мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: NFC антеннасы компьютердегі сенсорлы тақта астында орналасқан. Басқа
құрылғыдағы NFC антеннасының орнын табу үшін, құрылғы нұсқауларын қараңыз.
3. Құрылғыңыздан тасымалдауды бастауды сұрайтын хабарды және тасымалданатын нәрсені
қабылдауды сұрайтын хабарды көруге болады. Тасымалданатын нәрсені қабылдау үшін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Дыбысты пайдалану
Музыка жүктеуге және тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды (соның ішінде радионы) тыңдауға, дыбыс
жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені біріктіруге болады. Сондай-ақ,
компьютерде (таңдаулы үлгілерде) музыкалық ықшам дискілерді ойнатуға немесе ықшам дискілер
ойнату үшін сыртқы оптикалық дискті тіркеуге болады. Тыңдау әсерін жақсарту үшін,
құлақаспаптарды немесе үндеткіштерді қосыңыз.
Үндеткіштерді қосу
Сымды үндеткіштерді компьютердегі немесе USB портына немесе компьютердегі не қондыру
тұғырындағы аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) біріктірілген ұясына жалғау арқылы
қосуға болады.
Сымсыз үндеткіштерді компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Үндеткіштерді жалғамас бұрын дыбыс қаттылығын төмендетіңіз.
Дыбысты пайдалану 31