User Guide - Windows 10
5. Ішкі қатты дискті таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз.
6. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру үшін YES (Иә) пәрменін таңдаңыз.
7. Өзгертулерді сақтап Computer Setup утилитасынан шығу үшін, Save (Сақтау) пернесін басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын
таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
Автоматты DriveLock қорғау мүмкіндігін ажырату (тек таңдаулы үлгілерде)
Computer Setup утилитасында DriveLock қорғау мүмкіндігін жою үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз және экранның төменгі жағында «Press
the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп
тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
3. Security (Қауіпсіздік) опциясын, Hard Drive Utilities (Қатты диск утилиталары) опциясын,
Automatic DriveLock (Автоматты DriveLock) опциясын таңдаңыз, одан кейін enter пернесін
басыңыз.
4. BIOS әкімші құпия сөзі опциясын ашып, enter пернесін басыңыз.
5. Ішкі қатты дискті таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз.
6. Disable protection (Қорғанысты өшіру) пәрменін таңдаңыз.
7. Өзгертулерді сақтап Computer Setup утилитасынан шығу үшін, Save (Сақтау) белгішесін басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын
таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану
Компьютерді электрондық поштаға, желіге немесе Интернетке кіру үшін қолданғанда, ол компьютер
вирустары қаупіне ұшырауы мүмкін. Компьютер вирустары амалдық жүйені, бағдарламаларды немесе
утилиталарды өшіріп, олардың қалыпсыз жұмыс істеуіне әкелуі мүмкін.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал вирустардың көбін тауып жоя алады, сондай-ақ, көбінесе
олардың келтірген зиян салдарын шешеді. Жаңа пайда болған вирустардан уақытымен қорғауды
қамтамасыз ету үшін вирусқа қарсы бағдарлама жаңартылып отыруы керек.
Компьютеріңізде Windows Defender алдын ала орнатылған. Компьютерді жан-жақты қорғау үшін
вирусқа қарсы бағдарламаны қолдануды жалғастыруға кеңес беріледі.
Компьютер вирустары туралы қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз.
Желіаралық қалқан бағдарламалық құралын пайдалану
Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған. Желіаралық
қалқан компьютерге және/немесе желіге орнатылатын бағдарламалық құрал немесе аппараттық
және бағдарламалық құралдың екеуін де қорғайтын шешім болуы мүмкін.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану 53