User Guide - Windows 7
2 Компьютермен танысу
Оң жағы
Бөлік Сипаттама
(1) USB Type-C (зарядтау) порты Type-C қосқышы арқылы кез келген USB құрылғысын
жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: USB Type-C зарядтау порттары арқылы
компьютер өшірулі болса да, ұялы телефондар,
планшеттер және MP3 ойнатқыштары сияқты
құрылғыларды зарядтауға болады. Сондай-ақ, бейне
шығыс ұясын қамтамасыз ету үшін USB Type-C порттарының
кейбір түрлері арқылы DisplayPort, VGA, HDMI және басқа
бейне құрылғыларын қосуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Адаптерлер (бөлек сатылады) қажет болуы
мүмкін.
(2) Қос режимді DisplayPort порты Ажыратымдылығы жоғары монитор немесе проектор
сияқты қосымша сандық көрсету құрылғысын жалғайды.
(3) Жад картасын оқу құрылғысы Ақпарат сақталатын, басқарылатын, ортақ
пайдаланылатын немесе ашылатын қосымша жад
карталарын оқиды.
(4) Аудио шығыс (құлақаспап)/Аудио кіріс
(микрофон) ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар,
қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұя қосымша
тек микрофон құрылғыларын қолдамайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық,
қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын
қараңыз. Пайдаланушы нұсқаулықтарын ашу үшін Пуск
(Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > >
Справка и поддержка НР (НР анықтамасы және қолдау) >
Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
4 2-тарау Компьютермен танысу