User Guide - Windows 7
Түймешіктер, үндеткіштер және саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы
үлгілерде)
Бөлік Сипаттама
(1) Қуат түймешігі
●
Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін
түймешікті басыңыз.
●
Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін
түймешікті аз уақыт басыңыз.
●
Компьютер ұйқылық күйде болғанда, ұйқы күйінен
шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
●
Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен
шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған
ақпараттар жойылады.
Компьютер жауап беруді тоқтатса және Windows® жүйесінің
өшіру процедуралары көмектеспесе, компьютерді өшіру
үшін қуат түймешігін кем дегенде 15 секунд басып тұрыңыз.
Қуат параметрлеріңіз туралы қосымша ақпарат алу үшін:
Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) >
Система и безопасность (Жүйе және қауіпсіздік) >
Параметры электропитания (Қуат параметрлері)
тармақтарын таңдаңыз.
(2) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады.
(3) Сымсыз байланыс түймешігі Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосып-өшіреді, бірақ сымсыз
байланыс орнатпайды.
Үстіңгі жағы 11