User Guide - Windows 7

2. Кабельдің екінші ұшын сандық дисплейге жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернелер
тіркесімін басыңыз:
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
Кеңейтілген: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
fn+f4 пернелер тіркесімі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтижелер үшін «Кеңейтілген» мүмкіндігі пайдаланылған кезде, сыртқы
құрылғының экран ажыратымдылығын реттеу мақсатымен келесі әрекеттерді орындаңыз: Пуск
(Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оформление и персонализация (Безендіру
және даралау) тармақтарын таңдаңыз. Дисплей санатынан Регулировать разрешение экрана
(Экран ажыратымдылығын реттеу) пәрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы кабелін алу үшін, оны компьютерден ажыратуға қосқышты босату түймешігін
басыңыз.
Intel сымсыз дисплейі (тек таңдаулы үлгілерде)
Intel® сымсыз дисплейі компьютердегі мазмұнды теледидарда сымсыз бөлісу мүмкіндігін береді.
Сымсыз дисплейді пайдалану үшін, сымсыз ТД адаптері (бөлек сатылады) қажет. Сигнал шығысын
қорғау мүмкіндігі бар DVD дискісі Intel сымсыз дисплейінде ойнатылмауы мүмкін. (Бірақ сигнал
шығысын қорғау мүмкіндігі жоқ DVD дискісі ойнатылатын болады.) Сигнал шығысын қорғау мүмкіндігі
бар Blu-ray дискілері Intel сымсыз дисплейінде ойнатылмайды. Сымсыз теледидар адаптерін
пайдалану туралы толық ақпаратты өндірушінің нұсқауларынан қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз дисплейді пайдаланбас бұрын сымсыз байланыстың компьютерде қосылғанына
көз жеткізіңіз.
MultiStream Transport технологиясын пайдаланып, сымды дисплейлерді табу
және оларға қосылу
MultiStream Transport (MST) компьютерге бірнеше сымды дисплейлерді жалғауға мүмкіндік береді.
Компьютерде орнатылған графикалық контроллер түріне немесе компьютерде орнатылған хабтың
38 5-тарау Мультимедиа