User Guide - Windows 7

Компьютерге қосылған екі 1920 x 1200 DP мониторы + қосымша қондыру станциясына қосылған
бір 1920 x 1200 VGA мониторы
Компьютерге қосылған бір 2560 x 1600 DP мониторы + қосымша қондыру станциясына қосылған
бір 1920 x 1200 VGA мониторы
Бірнеше дисплейді орнату үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Сыртқы құрылғыларды VGA порттарына немесе компьютер негізіндегі немесе қондыру
станциясындағы Displayport порттарына (DP) жалғау
2. Windows монитордың DP желі торабына қосылғанын анықтағанда, DisplayPort Topology
Хабарландыру тілқатысу терезесі көрсетіледі. Дисплей параметрлерін реттеу үшін қажетті
опцияларын басыңыз. Бірнеше дисплей нұсқалары барлық қосылған дисплейлердегі экран
кескінін кеңейтетін Duplicate (Қайталау) немесе компьютер экранын барлық қосылған
дисплейлерге жаятын Extendеңейту) функцияларын қамтиды.
ЕСКЕРТПЕ: Тілқатысу терезесі пайда болмаса, әрбір сыртқы дисплей құрылғысының хабтағы
портқа дұрыс жалғанғанын тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін fn+f4 пернесін басыңыз және
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу және оларға қосылу (тек
таңдаулы
AMD үлгілерінде)
Ағымдағы ашық тұрған бағдарламаларды жаппай, Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу және
оларға қосылу үшін, мына қадамдарды орындаңыз.
Miracast ашу үшін
Шебер түймелерді көрсету үшін экранның жоғарғы оң жақ немесе төменгі оң жақ бұрышына
меңзеңіз және Устройства (Құрылғылар) түймесін нұқып, Проект (Жоба) пәрменін таңдаңыз.
– немесе –
Бастау экранындағы HP Quick Access to Miracast (НР Miracast құрылғысын ашу) белгішесін басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу және оларға қосылу (тек
таңдаулы үлгілерде)
Intel WiDi фотосуреттер, музыка немесе видеолар сияқты жеке файлдарды сымсыз көрсету үшін
немесе бүкіл компьютер экранын теледидар немесе қосымша дисплей құрылғысына қосу үшін
пайдаланыңыз.
Intel WiDi, premium Miracast шешімі қосымша дисплей құрылғысын жиексіз жұптауды жеңілдетеді;
толық экранның көшірмесін қамтамасыз етеді; жылдамдығын, сапасын және ауқымын жақсартады.
Intel WiDi Media Share бірнеше функцияны қатар орындау мүмкіндігін қосады, жеке медиа файлдарын
қосымша дисплей құрылғысына қосу және таңдау үшін қолданылатын құралдарды қамтамасыз етеді.
Intel WiDi Media Share құралын Бастау экранынан ашу үшін, Intel WiDi Media Share деп теріңіз
және
Enter түймешігін басыңыз. Қолданба ашылғанда компьютермен бірге жұптау үшін ТД немесе
қосымша дисплей құрылғысын таңдау мақсатында Press here to project (Проекциялау үшін осы жерді
басыңыз) тармағын таңдаңыз. Проекцияланатын файлдарға қатынасу үшін немесе бүкіл компьютер
экранын проекциялау үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
40 5-тарау Мультимедиа