User Guide - Windows 7
Қосарлы графикалық режимдерді пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Егер амалдық жүйеңізде қосарлы графикалық режимдер (екі немесе одан да көп графикалық
процессор қосылған кезде) болса, DirectX 10 немесе 11-нұсқасын пайдаланатын толық экрандық
құрылғылар үшін бағдарлама қуаты мен өнімділігін арттыру мақсатында AMD Radeon қосарлы
графикалық режимдерін іске қосуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Қосарлы графикалық жүйелерде режимдер қуат талаптарына сәйкес (динамикалық
жоспар) автоматты түрде ғана таңдалады және жұмыс режимі немесе қуат үнемдеу режимі жеке
бағдарламаларға автоматты түрде тағайындалады. Алайда, параметрлерді белгілі бір бағдарлама
үшін қолмен өзгертуге болады.
AMD Radeon қосарлы графикалық режимдерін қосу немесе өшіру үшін, Catalyst басқару орталығының
Производительность (Өнімділік) қойыншасындағы AMD Radeon Dual Graphics бөлімінде құсбелгі
қойыңыз немесе алып тастаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қосымша ақпарат алу үшін, AMD бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз.
50 6-тарау Қуатты басқару