User Guide - Windows 7
8 Дискілер
Дискілерді ұстау
ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің әлсіз бөліктері және оларды абайлап ұстау қажет. Диск жетектерін
ұстамас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Дискіні құлатуға, оның үстіне зат қоюға, сұйықтық
тигізуге немесе шектік мәндердегі температураларға не ылғалдық жағдайларына төндіруге
болмайды.
Дискілермен жұмыс істегенде, мына сақтық шараларын қадағалаңыз.
●
Диск жетегін шығару немесе орнатудың алдында компьютерді өшіріңіз. Компьютердің өшірулі,
ұйқы күйінде немесе күту күйінде болғанын білмеген жағдайда, компьютерді қосып, оны
өшіріңіз.
●
Қатты дискіні ұстағанда, жерге тұйықталған беткейге қолыңызды тигізіп, жиналған статикалық
токтан құтылып алыңыз.
●
Алынатын дискжетегіндегі немесе компьютердегі қосқыш істікшелерді ұстамаңыз.
●
Дискіні дискжетегінің ұясына салған кезде шамадан тыс күш қолданбаңыз.
●
Дискжетегін поштамен жөнелту қажет болғанда, диск жетегін мөлдір пошта бумасына немесе
басқа сәйкес қорғаныс бумасына салыңыз және бумаға "FRAGILE" (Сынғыш) белгісін жапсырыңыз.
●
Дискінің магниттік өрістердің әсеріне ұшырамауын қадағалаңыз. Магниттік өрісі бар қауіпсіздік
құрылғылары әуежайдағы тексеруден өту құрылғылар мен қауіпсіздік бағандарында болады.
Жолаушылар жүктерін тексеруге арналған әуежайлардағы конвейерлік жолдар және соған ұқсас
қауіпсіздік құрылғылары магниттік өрістің орнына рентген сәулелерін қолданады да, дискілерге
зиян келтірмейді.
●
Дискжетегін диск жетегінің ұясынан алмас бұрын немесе онымен саяхатқа, кемемен қыдырғанда
немесе дискжетегін сақтағанда, медиа құралын шығарып алыңыз.
●
Оптикалық диск жетегі дискіге жазып жатқанда, компьютердің пернетақтасын баспаңыз немесе
компьютерді жылжытпаңыз. Жазу процесі тербелістерге сезімтал болады.
●
Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді қозғамас бұрын, ұйқы күйін қосып, экранның
өшірілуіне мүмкіндік беріңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыс ажыратыңыз.
Қатты дискілерді пайдалану
ЕСКЕРТУ: Мәліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Жад модулін немесе қатты диск жетегін қоспас немесе алмастырмас бұрын жұмысыңызды сақтаңыз
және компьютерді өшіріңіз.
Егер компьютер сөндірулі екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді
қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Intel Smart Response Technology (тек таңдаулы үлгілерде)
Intel® Smart Response технологиясы (SRT) — компьютер жүйесінің жұмысын елеулі түрде жақсартатын
Intel® Rapid Storage технологиясы (RST) кэштеу мүмкіндігі. SRT мүмкіндігі SSD mSATA модулі бар
56 8-тарау Дискілер