User Guide - Windows 7

BIOS әкімші құпия сөзін өзгерту
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында «Press the
ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары көрсетілгенде,
esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Change Password
(Құпия сөзді өзгерту) тармағын таңдап, enter пернесін басыңыз.
4. Нұсқау берілгенде, ағымдағы құпия сөзді теріңіз.
5. Сұралғанда, растау үшін жаңа құпия сөзіңізді екі рет теріңіз.
6. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі оң жақ
бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтау және
шығу) пәрмендерін, одан кейін enter пернесін таңдаңыз.
Бұл өзгертулер нәтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
BIOS әкімші құпия сөзін жою
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында «Press the
ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары көрсетілгенде,
esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Change Password
(Құпия сөзді өзгерту) тармағын таңдап, enter пернесін басыңыз.
4. Нұсқау берілгенде, ағымдағы құпия сөзді теріңіз.
5. Жаңа құпия сөз сұралғанда, жолақты бос қалдырып, enter пернесін басыңыз.
6. Жаңа құпия сөз қайта сұралғанда, жолақты бос қалдырып, enter пернесін басыңыз.
7. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі оң жақ
бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтау және
шығу) пәрмендерін, одан кейін enter пернесін таңдаңыз.
Бұл өзгертулер нәтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
Құпия сөздерді пайдалану 63