User Guide - Windows 8.1
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердегі желдеткіш компьютердің ішкі бөліктерін салқындату және қызып кетудің
алдын алу үшін, автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің қосылып-өшірілуі
қалыпты жағдай болып табылады.
Сыртқы құрылғы жұмыс істемейді
Егер сыртқы құрылғы ойдағыдай жұмыс істемесе, төмендегі әрекеттерді орындаңыз.
●
Құрылғыны өндірушінің нұсқауларына сәйкес қосыңыз.
●
Құрылғының барлық сымдары қауіпсіз жалғанып тұрғанын тексеріңіз.
●
Құрылғыға электр қуатының келіп тұрғанын тексеріңіз.
●
Құрылғының, әсіресе, ескі нұсқа болса, амалдық жүйемен үйлесімдігін тексеріңіз.
●
Дұрыс және жаңартылған драйверлердің орнатылғанын тексеріңіз.
Сымсыз желі байланысы жұмыс істемейді
Егер сымсыз желі байланысы ойдағыдай жұмыс істемесе, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
●
Сымсыз немесе сымды желі құрылғысын қосу немесе ажырату үшін, Windows жұмыс үстелінің
тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Сетевое
соединение (Желілік қосылыс) белгішесін басыңыз. Құрылғыны қосу үшін, құрылғының атын
тінтуірмен басыңыз және Подключиться (Қосылу) түймешігін басыңыз. Құрылғыны ажырату
үшін, құрылғының атын тінтуірмен басыңыз және Отключиться (Ажырату) түймешігін басыңыз.
●
Сымсыз құрылғының қосылғанын тексеріңіз.
●
Компьютердің сымсыз антенналарына ешбір кедергі жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
●
DSL немесе кабель модемі және оның қуат сымы дұрыс жалғанғанына, сондай-ақ шамдар
жанғанына көз жеткізіңіз.
●
Сымсыз жол жоспарлағышы немесе кіру нүктесі оның қуат адаптеріне және кабель немесе DSL
модеміне дұрыс жалғанғанына, сондай-ақ шамдардың жанғанына көз жеткізіңіз.
●
Барлық кабельдерді ажыратып, қайта жалғаңыз да, қуатты өшіріп, қайта қосыңыз.
Фильм сыртқы дисплейде көрінбейді
1. Егер компьютердің өз дисплейі де, сыртқы дисплей де қосылып тұрса, екеуінің арасында ауысып
отыру үшін, fn+f4 пернесін бір немесе бірнеше рет басыңыз.
2. Сыртқы дисплейді бастапқы ету үшін, монитор параметрлерін мына жолмен реттеңіз:
а. Windows жүйесінде, компьютердің жұмыс үстелінің бос аймағында оң жақ түймешікпен
басып, Разрешение экрана (Экран ажыратымдылығы) параметрін таңдаңыз.
ә. Негізгі дисплей мен қосалқы дисплейді көрсетіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Дисплейдің екеуін қолданғанда, DVD дискісіндегі фильм қосалқы дисплей ретінде
тағайындалған дисплейден көрінбейді.
Мәселелерді шешу 93