User Guide - Windows 8.1
Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау және шифрын ашу үшін
қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпаратты HP Support Assistant
бағдарламасынан қараңыз. Бастау экранынан HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу
үшін, HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз.
WLAN желісіне қосылу
WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қосылған болса, сымсыз байланыс
шамы ақ болады. Сымсыз байланыс шамы сөніп тұрса, сымсыз байланыс түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс
шамы сары түспен жанып тұрады.
2. Шебер түймелерді көрсету үшін бастау экранының жоғары немесе төменгі оң жақ бұрышына
меңзерді жылжытыңыз.
3. Настройки (Параметрлер) түймесін басып, желі күйі белгішесін басыңыз.
4. Тізімнен WLAN желісін таңдаңыз.
5. Подключиться (Қосылу) түймешігін басыңыз.
Егер желі қауіпсіз қосылған WLAN желісі болса, сізден желінің қауіпсіздік кілтін енгізу сұралады.
Кодты жазып, одан кейін Войти (Кіру) түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер WLAN тізімі көрсетілсе, сымсыз жол жоспарлағышы ауқымының немесе кіру
нүктесінің сыртында болуыңыз мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Егер қосылатын WLAN желісі көрсетілмесе, Windows жұмыс үстелінде желі күйінің
белгішесін оң жақ түймешікпен нұқып, Открыть центр управления сетями и общим доступом
(Желілер мен ортақ пайдалануды басқару орталығын ашу) пәрменін таңдаңыз. Настройка нового
подключения или сети (Жаңа қосылым немесе желіні орнату) пәрменін таңдаңыз. Желіні қолмен
іздеу және оған қосылу немесе жаңа желі байланысын орнатуға мүмкіндік беретін опциялар тізімі
ашылады.
6. Экрандағы нұсқауларды орындап қосылысты аяқтаңыз.
Байланыс орнатылып болған соң, оның аты мен күйін тексеру үшін, тінтуір меңзерін тапсырмалар
тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы желі белгішесіне қойыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жұмыс ауқымы (сымсыз сигналдардың жету алыстығы) WLAN кіруіне, жол
жоспарлағышын өндірушіге және басқа электрондық құрылғылардан алынған кедергілерге немесе
қабырғалар және едендер сияқты құрылымды тосқауылдарға байланысты болады.
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
HP мобильді кең жолақты компьютеріңізде кең ауқымды мобильді қызметке қолдау көрсетілген.
Жаңа компьютерді мобильді оператордың желісімен пайдаланғанда Интернетке қосылу, электрондық
пошта жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу Wi-Fi жылдам қосылу нүктесінсіз мүмкін болады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер HP мобильді байланысты қамтитын болса, бұл бөлімдегі нұсқаулар
қолданылмайды. HP Mobile Connect қызметін қолдану (тек таңдаулы үлгілерде) (22-бет) бөлімін
қараңыз.
Мобильді байланыстың кең жолақты қызметін іске қосу үшін, HP мобильді байланыстың кең жолақты
желі модулінің сериялық нөмірі (IMEI) керек болуы мүмкін. Сериялық нөмірі батарея ұясының ішіндегі,
қызмет көрсету есігінің астындағы немесе дисплейдің артындағы белгіде басылады.
20 3-тарау Желіге қосылу