User Guide - Windows 8.1
●
Сенсорлы тақта аймағына екі саусақты қойып, таңдалған нысанның опциялар мәзірін ашу үшін
басыңыз.
Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде)
Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді.
●
Сол сұқ саусақты сенсорлы тақта аймағында тіреңіз. Оң сұқ саусақты сағат тілімен 90 градус
жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, сұқ саусағыңызды сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Айналдыру қимылы нысан немесе кескінді жылжытуға болатын арнайы бағдарламаларға
арналған. Бұл қимыл барлық бағдарламаларда жұмыс істемеуі мүмкін.
Жүргізіп өту (тек таңдаулы үлгілерде)
Жүргізіп өту экрандарда жылжуға немесе құжаттарды жылдам қарап шығуға мүмкіндік береді.
●
Сенсорлы тақта аймағына үш саусақты қойып, жеңіл, жылдам қозғалыспен саусақтарыңызды
жоғары, төмен, солға немесе оңға жүргізіп өтіңіз.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану 27