User Guide - Windows 8.1

Жиектерді сипау (тек таңдаулы үлгілерде)
Жиектерді сипау қимылы параметрлерді өзгерту және бағдарламаларды табу немесе пайдалану
сияқты тапсырмаларды орындауға компьютердегі құралдар тақталарына қатынауға мүмкіндік береді.
Оң жақ жиекті сипау
Саусақты оң жақ жиектен жылжыту іздеуге, бөлісуге, қолданбаларды іске қосуға, құрылғыларға қол
жеткізуге немесе параметрлерді өзгертуге мүмкіндік беретін шебер түймелерді ашады.
Шебер түймелерді көрсету үшін саусағыңызды оң жақ жиектен жылжытыңыз.
Сол жақ жиекті сипау
Сол жақ жиекті сипау арқылы жақында ашылған бағдарламалар тізімін көрсетіп, оларға жылдам
ауыса аласыз.
Жақында ашылған қолданбалар арасында қозғалу үшін саусағыңызбен сенсорлы тақтаның сол жақ
жиегінен сипап өтіңіз.
28 4-тарау Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары және меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау