User Guide - Windows 8.1
5 Мультимедиа
Бұл компьютердің құрамында келесі құрылғылар болуы мүмкін:
●
Кірістірілген үндеткіш(тер)
●
Кірістірілген микрофон(дар)
●
Кірістірілген веб-камера
●
Алдын ала орнатылған мультимедиалық бағдарламалық құралдар
●
Мультимедия түймешіктері немесе пернелері
Медиа белсенділігі пернелерін пайдалану
Компьютер моделіне байланысты, медиа файлын ойнату, тоқтата тұру, алға айналдыру немесе кері
айналдыруға мүмкіндік беретін төмендегідей медиа белсенділігін басқару элементтері жұмыс істеуі
мүмкін:
●
Медиа түймешіктері
●
Медиа жылдам пернелері (fn пернесімен бірге басылатын арнайы пернелер)
●
Медиа пернелері
Аудио
Компьютеріңізде немесе сыртқы оптикалық дискіні пайдаланатын кейбір үлгілерде музыка ықшам
дискілерін ойнатуға, музыканы жүктеуге және тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды (соның ішінде
радионы) тыңдауға, дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені
біріктіруге болады. Тыңдау әсерін жақсарту үшін, үндеткіштер немесе құлақаспаптар сияқты сыртқы
дыбыс құрылғыларын жалғаңыз.
Үндеткіштерді қосу
Сымды үндеткіштерді компьютердегі немесе USB портына (немесе компьютердегі не қондыру
тұғырындағы аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) комбо ұясына) жалғау арқылы қосуға
болады.
Сымсыз үндеткіштерді компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Дыбыс құрылғыларын қосу үшін, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Дыбыс деңгейін реттеу
Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, дыбыс деңгейін мына пернелер көмегімен реттеуге болады:
●
Дыбыс деңгейі түймешіктері
●
Дыбыс деңгейін басқаруға арналған пернелер тіркесімдері (fn пернесімен бірге басылатын
арнайы пернелер)
●
Дыбыс деңгейін реттеу пернелері
34 5-тарау Мультимедиа