User Guide - Windows 8.1
USB құрылғысын жалғау
ЕСКЕРТУ: USB қосқышының зақымдануын болдырмау үшін, құрылғыны күштеп жалғамаңыз.
▲
Құрылғының USB кабелін USB портына жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Төмендегі сурет пен компьютер көрінісінің арасында біраз айырмашылық болуы
мүмкін.
Құрылғы анықталғанда, дыбыс естіледі.
ЕСКЕРТПЕ: USB құрылғысы қосылған кезде жүйенің құрылғыны танытқанын көрсету үшін
хабарландыру аймағында хабарлама көрсетілуі мүмкін.
USB құрылғысын ажырату
ЕСКЕРТУ: USB қосқышының зақымдалуын болдырмау үшін, USB құрылғысын ажырату мақсатында
кабельден тартпаңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпараттың жоғалуына немесе жүйенің сигнал қабылдамайтын күйге кіруіне жол бермеу
мақсатында, USB құрылғысын қауіпсіз шығарып алу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1. USB құрылғысын шығарып алу үшін ақпаратты сақтап, құрылғыға байланысты
бағдарламалардың барлығын жабыңыз.
2. Windows жұмыс үстелінің тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру
аймағындағы жабдықты шығару белгішесін басыңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
3. Құрылғыны ажыратыңыз.
54 7-тарау Сыртқы карталар және құрылғылар