User Guide - Windows 8.1
8 Дискілер
Дискілер ұстау
ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің әлсіз бөліктері және оларды абайлап ұстау қажет. Диск жетектерін
ұстамас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Қосымша ескертулер олар қолданылатын үрдістерде
қамтылған.
Мына сақтық шараларын орындаңыз:
●
Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді қозғамас бұрын, ұйқы күйін қосып, экранның
өшірілуіне мүмкіндік беріңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыс ажыратыңыз.
●
Қатты дискіні ұстағанда, жерге тұйықталған беткейге қолыңызды тигізіп, жиналған статикалық
токтан құтылып алыңыз.
●
Алынатын дискжетегіндегі немесе компьютердегі қосқыш істікшелерді ұстамаңыз.
●
Диск жетегін абайлап пайдаланыңыз: құлатуға немесе үстіне зат қоюға болмайды.
●
Дискіні шығарып алмастан немесе салмастан бұрын компьютерді өшіріңіз. Компьютердің өшірулі,
ұйқы немесе күту күйінде екені анық болмаса, компьютерді қосып, амалдық жүйе арқылы
өшіріңіз.
●
Дискіні дискжетегінің ұясына салған кезде шамадан тыс күш қолданбаңыз.
●
Оптикалық диск жетегі дискіге жазып жатқанда, компьютердің пернетақтасын баспаңыз немесе
компьютерді жылжытпаңыз. Жазу процесі тербелістерге сезімтал болады.
●
Дискжетегін температура жоғары немесе ылғал жерде сақтамаңыз.
●
Дискжетегін сұйықтық бар жерде сақтамаңыз. Дискжетегіне тазарту заттарын шашпаңыз.
●
Дискжетегін диск жетегінің ұясынан алмас бұрын немесе онымен саяхатқа, кемемен қыдырғанда
немесе дискжетегін сақтағанда, медиа құралын шығарып алыңыз.
●
Дискжетегін поштамен жөнелту қажет болғанда, диск жетегін мөлдір пошта бумасына немесе
басқа сәйкес қорғаныс бумасына салыңыз және бумаға "FRAGILE" (Сынғыш) белгісін жапсырыңыз.
●
Дискінің магниттік өрістердің әсеріне ұшырамауын қадағалаңыз. Магниттік өрісі бар қауіпсіздік
құрылғылары әуежайдағы тексеруден өту құрылғылар мен қауіпсіздік бағандарында болады.
Жолаушылар жүктерін тексеруге арналған әуежайлардағы конвейерлік жолдар және соған ұқсас
қауіпсіздік құрылғылары магниттік өрістің орнына рентген сәулелерін қолданады да, дискілерге
зиян келтірмейді.
Қатты дискілерді пайдалану
ЕСКЕРТУ: Мәліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
●
Жад модулін немесе қатты дискіні қосудан немесе алмастырудан бұрын жұмысыңызды сақтаңыз
және компьютерді өшіріңіз.
●
Егер компьютер сөндірулі екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймесін басып, компьютерді
қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
56 8-тарау Дискілер