User Guide - Windows 8.1
Intel Smart Response Technology (тек таңдаулы үлгілерде)
Intel® Smart Response технологиясы (SRT) — компьютер жүйесінің жұмысын елеулі түрде жақсартатын
Intel® Rapid Storage технологиясы (RST) кэштеу мүмкіндігі. SRT мүмкіндігі SSD mSATA модулі бар
компьютерлерді жүйе жады мен қатты диск жетегі арасындағы кэш жады рәтінде пайдалануға
мүмкіндік береді. Бұл бір уақытта SSD жақсартылған жүйе жұмысының тәжірибесін қамтамасыз ете
отырып, ең үлкен сақтау сыйымдылығы үшін қатты диск жетегін (немесе RAID көлемі) иемдену
артықшылығын береді.
Қатты дискіні қоссаңыз не жаңартсаңыз және RAID көлемін орнатуды көздесеңіз, SRT мүмкіндігін
уақытша ажыратып, RAID көлемін орнатуыңыз керек, одан кейін SRT мүмкіндігін қосыңыз. SRT
мүмкіндігін уақытша ажырату үшін:
1. Бастау экранында Intel сөзін теріңіз, одан кейін Intel Rapid Storage Technology (Intel Rapid
Storage
технологиясы) пәрменін таңдаңыз.
2. Acceleration (Жылдамдату) сілтемесін таңдап, Disable Acceleration (Жылдамдату режимін өшіру)
сілтемесін басыңыз.
3. Аяқтау үшін Жылдамдату режимін күтіңіз.
4. Reset to Available (Қолда бар параметрді орнату) сілтемесін таңдаңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: RAID режимдерін ауыстыру кезінде SRT мүмкіндігін уақытша ажыратуыңыз
керек. Өзгертуді жасап, SRT мүмкіндігін қайта қосыңыз. Бұл мүмкіндікті уақытша ажыратпау RAID
көлемдерін жасау не өзгерту үшін кедергі келтіреді.
ЕСКЕРТПЕ: HP өзіндік шифрлау дискілері (SED) бар SRT мүмкіндігін қолдамайды.
Қатты дискінің жұмысын жақсарту
Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану
Компьютерді пайдаланғанда, қатты дискідегі файлдар бөлініп қалады. Амалдық жүйе тиімді жұмыс
істеуі үшін, дискіні дефрагментациялау құралы қатты дискідегі бөлініп қалған файлдар мен
қалталарды қайта біріктіреді.
ЕСКЕРТПЕ: Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгіш диск жетектерінде істету қажет
емес.
Дискіні дефрагментациялау құралы басталғаннан кейін, ол қараусыз жұмыс атқарады. Қатты дискінің
өлшеміне және бөлініп қалған файлдар санына байланысты, дискіні дефрагментациялау құралының
аяқталуы үшін бір сағаттан артық уақыт кетуі мүмкін. Оны түнде немесе компьютерді ашу қажет
болмайтын кездегі басқа уақытта іске қосылатын етіп орнатуыңызға болады.
HP қатты дискіні кем дегенде айына бір рет дефрагментациялауды ұсынады. Дискіні
дефрагментациялау құралының жұмысын айлық жоспарға орнатсаңыз болады, бірақ
дефрагментациялауды кез келген уақытта қолмен жасауға да болады.
Дискіні дефрагментациялау құралын іске қосу:
1. Компьютерді айнымалы ток көзіне қосыңыз.
2. Бастау экранында диск деп теріңіз.
3. Оптимизация (Оңтайландыру) түймешігін басыңыз.
Қатты дискілерді пайдалану 57