User Guide - Windows 8.1
ЕСКЕРТПЕ: Windows жүйесі компьютердің қауіпсіздігін жақсарту үшін, пайдаланушы есептік
жазбасын басқару мүмкіндігін қамтиды. Бағдарламалық құралды орнату, утилиталарды іске қосу
немесе Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды орындау үшін сізден рұқсат
немесе құпия сөз сұралуы мүмкін. HP Support Assistant бөлімін қараңыз. Бастау экранынан HP
Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін, дискіні дефрагментациялау бағдарламалық құралының анықтамасын
қараңыз.
Дискіні тазалау құралын пайдалану
Қатты дискідегі орынды босатып, компьютер жұмысының тиімділігін арттыру үшін дискіні тазалау
құралы қатты дискіден еш қауіпсіз жоюға болатын файлдарды іздеп табады.
Дискіні тазалау құралын қосу:
1. Пуск (Бастау) экранына диск сөзін жазып, Удалить приложения, чтобы освободить место на
диске
(Дискте орын босату үшін бағдарламаларды жою) опциясын таңдаңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану
Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру және дерек
сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды.
●
Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз.
●
Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз.
Бұл оқиғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні қалыпты
жұмыс жағдайына қайтарады.
ЕСКЕРТПЕ: HP 3D DriveGuard қызметі тек ішкі қатты дискілерін қорғайды. Қосымша қондыру
құрылғысына орнатылған немесе USB портына қосылған қатты диск HP 3D DriveGuard арқылы
қорғалмайды.
ЕСКЕРТПЕ: SSD дискілерінде жылжитын бөліктері болмағасын, HP 3D DriveGuard қызметі осы
дискілер үшін қажет емес.
Қосымша ақпаратты HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
HP 3D DriveGuard күйін анықтау
Компьютердегі қатты диск шамы бастапқы қатты диск ұясындағы және/немесе қосымша қатты диск
ұясындағы (тек таңдаулы үлгілерде) дискінің қауіпсіз орнатылғанын көрсету үшін түсін өзгертеді.
Дискілердің қазіргі уақытта қорғалып тұрғанын немесе дискінің қауіпсіз позицияға орнатылғанын
анықтау үшін, Windows жұмыс үстеліндегі тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы немесе Мобильділік орталығындағы белгішені басыңыз.
58 8-тарау Дискілер