User Guide - Windows 8.1

Саусақ ізін Credential Manager құралында тіркегеннен кейін, қолдау көрсетілетін веб-тораптарда және
бағдарламаларда пайдаланушы аттары мен құпия сөздерін сақтау және жазу үшін, HP Client Security
бағдарламасының Password Manager құралын пайдалана аласыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысының орналасуы
Саусақ ізін оқу құрылғысы компьютердің төмендегі жерлерінде орналасқан кішкендей темір сенсор:
Сенсорлы тақтаның төменгі жағының қасында
Пернетақтаның оң жағында
Дисплейдің үстіңгі оң жағында
Дисплейдің сол жағында
Компьютердің үлгісіне байланысты саусақ ізін оқу құрылғысы көлденеңінен немесе ұзынынан
орналасуы мүмкін. Оның екі түрі де саусағыңызды металды сенсордың үстіне тігінен тигізуіңізді талап
етеді. Компьютеріңіздегі саусақ ізін оқу құрылғысының орналасқан жері туралы ақпаратты
Түймешіктер, динамиктер және саусақ ізін оқу құрылғысы (11-бет) бөлімінен қараңыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек қана таңдаулы үлгілерде) 71