User Guide - Windows 8.1

Түпнұсқалық қатты диск кескінін f11 көмегімен қалпына келтіру үшін:
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Мүмкін болса, бейнені қалпына келтіру бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз: Бастау экранына pc (пк)
әріптерін жазып, Этот компьютер (Осы ДК) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бейнені қалпына келтіру бөлімі тізімде болмаса, амалдық жүйе мен
бағдарламаларды Windows амалдық жүйесінің дискісін мен Драйверді қалпына келтіру дискісін
(екеуі де бөлек сатылады) пайдаланып қалпына келтіру керек болады. Қосымша ақпарат алу
үшін Windows амалдық жүйесінің дискісін (бөлек сатылады) пайдалану (76-бет) бөлімін
қараңыз.
3. Егер бейнені қалпына келтіру бөлімі тізімде болса, компьютерді өшіріп қайта іске қосыңыз және
экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC
пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
4. Экранда «Press <F11> for recovery» (Қалпына келтіру үшін F11 пернесін басыңыз) хабары
шыққанда f11 пернесін басыңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Windows амалдық жүйесінің дискісін (бөлек сатылады) пайдалану
Windows амалдық жүйесінің DVD дискісіне тапсырыс беру үшін, қолдау қызметімен хабарласыңыз. Осы
компьютермен жабдықталған Worldwide Telephone Numbers (әлем бойынша қызмет көрсету
телефондары) кітапшасын қараңыз. Байланыс ақпаратын HP веб-сайтынан да қарауға болады.
http://www.hp.com/support мекен-жайын ашып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТУ: Windows амалдық жүйесінің дискісін пайдалану қатты диск ішіндегісін толығымен өшіреді
әрі қатты диск жетегін қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен компьютерге орнатылған кез-
келген бағдарламалық құралдар біржолата жойылады. Қайта пішімдеу аяқталғанда, қалпына келтіру
процесі амалдық жүйені, сондай-ақ драйверлерді, бағдарламалық құралдарды және утилиталарды
қалпына келтіруге көмектеседі.
Windows амалдық жүйесінің DVD дискісін пайдалану арқылы амалдық жүйені толығымен орнатуды
бастау үшін, мына әрекеттерді орындаңыз:
ЕСКЕРТПЕ: Бұл процесс бірнеше минутқа созылады.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Windows амалдық жүйесінің DVD дискісін оптикалық дискіенгізгісіне салып, компьютерді қайта
қосыңыз.
3. Сұралғанда, пернетақтадағы кез келген пернені басыңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Орнату үрдісі аяқталғаннан кейін:
1. Windows операциялық жүйесінің дискісін шығарып, «Драйверді қалпына келтіру» дискісін
шығарып алыңыз.
2. Алдымен Аппараттық құралды қосу драйверлерін, одан кейін ұсынылған бағдарламаларды
орнатыңыз.
76 11-тарау Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру