Safe and convenient operation manual User's manual
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Егер көзіңізде ыңғайсыздық сезінсеңіз, кірпік қағуды ұмытпаңыз.
Орта есеппен, минутына адам 22 рет көздерін жыпылықтатады. Байқамай, мониторға
қараған кезде, кейбір адамдар минутына жеті рет көздерін жыпылықтатудың орнына
жыпылықтатуды баяулатады.
●
Монитор көлбеуін бетіңізге перпендикуляр бағытта орналастырыңыз. Монитор көлбеуінің
дұрыстығын тексеру үшін, қарап шығу аймағының ортасына кішкентай айна ұстаңыз.
Айнадан өз көзіңізді көре алуыңыз қажет.
Отырған жəне тұрған қалыптарда ж
əне əрбір қимылдаған кезде жоғарыдағы үрдістерді
қайталаңыз.
КЕҢЕС: Құжаттарды ұстау құралын пайдаланған кезіңізде, оны монитордың биіктігімен бірдей
деңгейде орналастырыңыз жəне ең көп қаралатын элементті тікелей (құжатты ұстау құралы
немесе монитор) қарсы алдыңызға қойыңыз. Басыңыздың, мойныңыздың жəне білектеріңіздің
ы
ңғайлылығы сіз үшін бағыттауыш болады
Екі мониторды күйге келтіру
Екі мониторды пайдаланған кезде, орналастырудың көптеген түрлері бар. Сіз бір мониторды
қарсы алдыңызға қойып, екіншісін жанына қоюды қалауыңыз мүмкін. Егер сіз жанына қойылған
дисплейдегі бағдарламаны қарау үшін ұзақ уақыт бойына басыңыз бен мойныңызды бұра
берсеңіз, онда бағдарлама терезесін тікелей қарсы алдыңызда тұрған дисплейге жылжытыңыз.
Тек қысқа мерзімге ғана қажет қосымшалар іргелес мониторда қаралуы керек.
Егер сіз қос мониторды тең дəрежеде қолданатын болсаңыз, сіз оларды симметриялы түрде
орналастыруды қарастыра аласыз, біреуін
сəл оң жағыңызға, екіншісін сəл сол жағыңызға. Бұл
үйлесімде сіз басыңызды əрдайым бір жақтан екінші жаққа бұрып отыратыныңызды ескеріңіз.
Егер сіз мойныңызда, иықтарыңызда жəне арқаңызда ыңғайсыздықты сезінсе
ңіз, бірі қақ
алдыңызда тұратындай мониторларыңыздың қалпын өзгертуді қалауыңыз мүмкін.
ДҰРЫС Екі мониторды пайдаланған кезде, бір мониторды алдыңызға
тікелей қойып, екіншісін мойын мен кеудеңізге ең ыңғайлы болу үшін
қасыңызға орналастырыңыз.
Дұрыс ЕМЕС Ұзақ уақыт бойына басыңызды бір жаққа
бұрмаңыз.
Екі мониторды күйге келтіру
13