Safe and convenient operation manual User's manual

ДҰРЫС ЕМЕС Сенсорлы экран алдында арқаңыз орындыққа
тірелмейтіндей бүкіреймеңіз.
Сенсорлы планшетті пайдалану
Сенсорлы планшетті пайдаланған кезде мойын мен бастың ыңғайлы қалпын іздеу аса маңызды.
Егер сіз осы технологияны жиі қолданатын болсаңыз жəне мойныңызда, иықтарыңызда жəне
арқаңызда ыңғайсыздық байқалса, ұзақ уақыт бойы экранға қарап отырған
болуыңыз мүмкін.
Планшетті орындыққа қою, планшет қалпын көлбеу етіп өзгерту немесе монитор аяғына
бекітілген планшетті ұстау құралын пайдалану мойныңыз бен иықтарыңызда басыңызды
ыңғайлы ұстауға көмектесуі мүмкін.
Кеңседе сіз планшет пен сенсорлы емес экранды қатар
пайдалануды қалауыңыз мүмкін.
Мұндай жағдайда, планшет үшін биіктігі реттелетін қосымша бөлікті қарастыра аласыз.
Сенсорлы жəне сенсорлы емес дисплейлер тіркесімін қолданған кезіңізде ыңғайлылықты
реттеуді жəне қолайсыздықты тексеруді ұмытпаңыз. Қолға ыңғайлы ету үшін
сіз сенсорлы емес
экранға қарағанда сенсорлы экранды жақынырақ қоюды қалауыңыз мүмкін.
16
5-тарау Сенсорлы технологияны пайдалану