Safe and convenient operation manual User's manual

Кіріспе
Бұл нұсқаулық жұмыс орнын дұрыс жабдықтау жəне жұмыста, мектепте, қолы бос болмаған
компьютер пайдаланушыларына арналған дұрыс отыру, денсаулық сақтау жəне жұмыс дағдысы
туралы қажетті ақпаратты қамтиды. Сонымен қатар, бұл нұсқаулы
қ барлық НР өнімдеріне
қатысты қолданылатын электрлік жəне механикалық қауіпсіздік ақпаратын қамтиды.
Сондай-ақ,
www.hp.com/ergo бөлімін қараңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ноутбуктың қызып кетуіне жол бермеңіз.
Қызып кетумен байланысты зақымдардың болуына немесе ноутбук компьютердің шамадан тыс
қызып кетуіне жол бермеу үшін компьютерді тікелей тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің
желдеткіш саңылауын жаппаңыз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып
пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты
қатты беттің немесе жастық, кілем
немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз. Сонымен қатар, жұмыс
кезінде айнымалы ток адаптерінің теріге немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ
бетке тимеуін қадағалаңыз. Компьютер жəне айнымалы
ток адаптері Ақпараттық технология
жабдығы қауіпсіздігінің халықаралық стандарты
(IEC 60950)
арқылы белгіленетін
пайдаланушыға рұқсат етілген бет температурасына сай келеді.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ауру мен қолайсыздық туралы біліңіз.
Адамдардың ауру мен қолайсыздықты сезу қатерін азайту жəне қолайлы жұмыс істеуі үшін осы
Қауіпсіз жəне ыңғайлы жұмыс жасау нұсқаулығын оқып, ұсыныстарды орындаңыз.
iii