Safe and convenient operation manual User's manual
Қызмет көрсету
HP құжаттарындағы басқа жерде түсіндірілген жағдайдан басқа кезде, өзіңіз НР өнімін
жөндемеңіз. Ескерту нышандарымен жəне белгілерімен таңбаланған қақпақтарды ашу немесе
алып тастау нəтижесінде электр тогы соғуы мүмкін. Осы бөліктерінің ішіндегі құрамдас
бөліктеріне
қажетті жөндеу жұмыстарын арнайы қызмет көрсету маманы орындау қажет.
Құрастыратын бөлшектер
Тұрақсыз үстелде, арбада, тіреуіште, тағанда немесе кронштейнде құрылғыны пайдаланбаңыз.
Құрал құлап қалуы мүмкін жəне нəтижесінде дене жарақатын алуыңыз немесе өнімге қатты
зақым келуі мүмкін. Тек HP ұсынған жəне өніммен бірге сатылатын үстелде, арбада
, тіреуіште,
тағанда немесе кронштейнде қолданыңыз.
Желдету
Өнімдегі саңылаулар мен тесіктер желдету үшін берілген жəне олар өнімнің қалыпты жұмысын
беретіндіктен, оны қызып кетуден қорғайтындықтан, оларды ешқашан бітемеу немесе жаппау
керек. Саңылауларды ешқашан өнімді төсекке, диванға, кілемге немесе өзге ұқсас жұмсақ
заттың үстіне
қою арқылы бітемеңіз. Өнімді өнім арнайы сол затпен бірге қолдану үшін
жасалмайынша, кітап сөресі немесе бағана сияқты құрастырылған жабдыққа қоймаңыз, өнімді
дұрыс желдетумен қамтамасыз етіңіз жəне сəйкес нұсқауларды орындаңыз.
Су жəне ылғалдылық
Өнімді су бар жерде пайдаланбаңыз.
Жерге қосылған өнімдер
Кейбір өнімдер, жерге қосу үшін үшінші контакты бар үш бағытты жерге қосылған электр
ашасымен бірге жабдықталған. Мұндай аша тек қана жерге қосылатын розеткаға сəйкес келеді.
Бұл қауіпсіздік мүмкіндігі. Ашаны жерге қосылмаған розеткаға қосуға ə
рекет жасау арқылы
жерге қосылатын түрдегі ашаның қауіпсіздік мүмкіндіктерін бұзбаңыз. Ашаны розеткаға сала
алмасаңыз, ескі розетканы ауыстыру үшін электр маманымен байланысыңыз.
Қуаттың көздері
Құрылғы құрылғының электр көрсеткіштері белгісінде көрсетілген электр көзінің түрінен ғана
жұмыс істеуі керек. Қуат көзінің пайдаланылатын түрі туралы сұрақтарыңыз болса, қызмет
көрсету орталығымен немесе жергілікті электр компаниясымен байланысыңыз. Батарея
қуатынан немесе басқа
өзге қуат көздерінен жұмыс істейтін өнім үшін қолдану нұсқаулықтары
өніммен бірге беріледі.
Қолжетімділік
Қуат сымы қосылған розетканың оңай қол жетімді болуын жəне қолданыстағы жабдыққа
мүмкіндігінше жақын орналасқанын тексеріңіз. Құрылғыны қуат көзінен ажыратқыңыз
келгенде, қуат сымын электр розеткасынан ажыратқаныңызды тексеріңіз.
Кернеуді таңдау қосқышы
Өніммен берілсе, кернеуді таңдау қосқышы еліңіздегі кернеу түріне сəйкес қалыпта
орналасуын қамтамасыз етіңіз (115 айнымалы ток кернеуі немесе 230 айнымалы ток кернеуі).
HP өнімдеріне арналған жалпы сақтық шаралары
25