Safe and convenient operation manual User's manual

Газ шығып тұрған жерде телефон желісін газ шығару туралы хабардар ету үшін
пайдаланбаңыз.
Егер өнім телефон кабелімен бірге берілмесе, өрт шығу қатерін азайту үшін 26 AWG
телекоммуникациялық кабелі немесе үлкен диаметрлі кабелді пайдаланыңыз.
Лазерлік құрылғылары бар өнімдерге арналған сақтық
шаралары
Лазерлік құрылғысымен жабдықталған барлық HP жүйелері Халықаралық электртехникалық
комиссияның (IEC) 60825 стандарты мен оның сəйкесті ұлттық нұсқаларымен қоса қауіпсіздік
стандарттарына сəйкес келеді. Лазерді пайдалану кезінде жабдық мемлекеттік органдар 1-
сыныптың лазерлік өнімдері үшін бекіткен лазерлік құрылғылардың
жұмыс істеу
стандарттарына сəйкес келеді. Өнім қауіпті жарықты шығармайды, сəуле толығымен
пайдаланушы жұмыс істейтін барлық модемдерді қолдану кезінде қоршалады.
Лазерді пайдалану қауіпсіздігі туралы ескертулер
Бұрын сипатталған жалпы сақтық шараларымен қоса алғанда лазерлік құрылғымен
жабдықталған өнімді пайдалану кезінде төмендегі ескерту белгілеріне назар аударыңыз. Бұл
ескерту белгілеріне назар аудармау өрт шығуына, адамдарға жарақат келтіруге жəне жабдыққа
зақым келтіруге əкелуі
мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Пайдаланушы нұсқаулығында немесе лазерлік құрылғыны орнату
нұсқаулығында көрсетілмеген лазерлік құрылғыны басқару элементтерін пайдаланбаңыз,
реттеу немесе жұмыс істеу үрдістерін орындамаңыз.
Лазерлік жабдықты қызмет көрсетуші компания ғана жөндеуі қажет.
Жабдықты жəне сəулелену қауіпсіздігін қадағалау орталығының
ережелерімен сəйкес келу
АҚШ-тағы Азық-түліктерді жəне дəрі-дəрмектерді бақылау басқармасының Жабдықты жəне
сəулелену қауіпсіздігін қадағалау орталығы лазерлік өнімдерге арналған ережелерді 1976
жылдың 2 тамызында күшке енгізді. Бұл ережелер 1976 жылдың 1 тамызынан бастап
шығарылғ
ан лазерлік өнімдерге қатысты қолданылады.
Халықаралық ережелермен сəйкес келу
Лазерлік құрылғымен жабдықталған барлық НР жүйелері IEC 60825 жəне IEC 60950
стандарттарымен қоса қажетті қауіпсіздік стандарттарына сəйкес келеді.
Лазерлік өнім жапсырмасы
Төменде көрсетілген немесе оған ұқсас жапсырма лазерлік құрылғының алдыңғы бетінде
орналасқан. Бұл жапсырма өнімнің CLASS 1 LASER PRODUCT (1-сыныптың лазерлік өнімі)
санатына кіргенін білдіреді.
32
9-тарау Электрлік жəне механикалық қауіпсіздік