Safe and convenient operation manual User's manual
Жабдықтағы белгілер
Төмендегі кестеде HP жабдығында болуы мүмкін қауіпсіздік белгішелері көрсетіледі.
Белгішелердің түсіндірмесін жəне ескерту сипаттамасын оқу үшін осы кестені қараңыз.
Жеке немесе кез келген төмендегі белгішелермен бірге
пайдаланған осы нышан өніммен бірге жеткізілетін
пайдалану нұсқауларын оқу қажеттілігін білдіреді.
ЕСКЕРТУ: Пайдалану нұсқаулары орындалмаған жағдайда
қатер төнуі мүмкін.
Осы нышан токқа түсу қатерінің бар екендігін білдіреді.
Қызмет көрсетуші компанияның маманы ғана бұл
нышандары көрсетілген өнім қорабын ашуы қажет.
ЕСКЕРТУ: Токқа түсу себебінен жарақат алу қатерін
болдырмау үшін осы өнім қорабын ашпаңыз.
Осы нышаны бар RJ-45 ұясы желілік интерфейс
қосылымын білдіреді.
ЕСКЕРТУ: Токқа түсу, өрт шығуы немесе жабдыққа зақым
келтіру қатерін болдырмау үшін телефон немесе
телекоммуникациялар ағытпасын бұл ұяға қоспаңыз.
Бұл нышан ыстық беттің немесе компоненттің бар
екендігін білдіреді. Бұл бетке тиісу адамдарға жарақат
келтіруге əкелуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Адамдарға күю жарақаттарын келтіру қатерін
азайту үшін өнімнің бетіне тиіспес бұрын оны салқындату
қажет.
Бұл белгі жабдықтың бірнеше қуат көздерімен
жабдықталғанын көрсетеді.
ЕСКЕРТУ: Адамдардың электр тогына түсу қатерін азайту
үшін жүйені қуаттан толық ажыратуға барлық қуат
сымдарын ажыратыңыз.
Кез келген өнімде немесе жинақта көрсетілген бұл
нышандар компоненттің бір кісінің қауіпсіз ұстауы үшін
ұсынылған салмақтан асатынын білдіреді.
ЕСКЕРТУ: Адамдарға жарақат келтіру немесе жабдыққа
зақым келтіру қатерін азайту үшін қолмен тасымалдауға
арналған жергілікті кəсіптік қауіпсіздік
жəне денсаулық
сақтау талаптары мен нұсқауларына назар аударыңыз.
Бұл нышан адамдарға кесу жарақатын немесе басқа
жарақаттарды келтіруі мүмкін тік шеттің немесе заттың
құрамында бар екендігін білдіреді.
ЕСКЕРТУ: Адамдарға кесу жарақатын немесе басқа
жарақатты келтіру қатерін азайту үшін тік шетіне немесе
затқа тиіспеңіз.
Жабдықтағы белгілер
33