HP Z440, Z640 және Z840 жұмыс бекеті сериялары Пайдаланушы нұсқаулығы
Авторлық құқық туралы ақпарат Кепілдік Сауда белгісіне ие өкілдер © Copyright 2014, 2016 HP Development Company, L.P. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен және қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мәлімдемелерінде беріледі. Осы құжаттағы ешқандай мәліметтер қосымша кепілдік деп түсінілмеуі тиіс. HP компаниясы осы құжаттағы техникалық немесе редакторлық қателерге, не болмаса қалып кеткен мәліметтер үшін жауапты емес.
Осы нұсқаулық туралы Бұл нұсқаулық HP Z Workstation сериясына арналған параметрлерді орнату мен ақаулықтарды жою ақпаратын береді.
iv Осы нұсқаулық туралы
Maзмұны 1 HP дереккөздерін табу .................................................................................................................................. 1 Өнім туралы ақпарат ............................................................................................................................................ 1 Өнім қолдаулары .................................................................................................................................................. 2 Өнім құжаттамасы ..
4 Орнату, сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 7 жүйесін жөндеу .................................... 22 Windows 7 операциялық жүйесін орнату ......................................................................................................... 22 Құрылғы драйверлерін орнату ........................................................................................................ 22 Файлдар мен параметрлерді тасымалдау ...........................................................................
Linux жүйесін орнату және қалпына келтіру ............................................................................................... 45 Linux жүйесіне арналған HP орнату жинағы (HPIKL) ....................................................................................... 45 Red Hat кәсіпкерлік Linux жүйесін орнату ........................................................................................................ 46 HPIKL драйвер дискісі ..........................................................
Пайдалы кеңестер ............................................................................................................................ 61 Бастағанда ...................................................................................................................... 61 Жұмыс барысында ........................................................................................................ 61 Тұтынушының тәуелсіз жөндеу мүмкіндігі ................................................................
1 HP дереккөздерін табу Бұл бөлімі жұмыс станциясына арналған мына HP дерек көздері туралы ақпарат ұсынады: ● Өнім туралы ақпарат ● Өнім қолдаулары ● Өнім құжаттамасы ● Өнім диагностикалары ● Өнім жаңартулары Өнім туралы ақпарат Тақырып Дерек көзі Техникалық сипаттар Өнімнің QuickSpecs табу үшін http://www.hp.com/go/quickspecs торабына өтіңіз. HP Inc. QuickSpecs пайдалану сілтемесін басыңыз. Барлық QuickSpecs іздеу опциясын басыңыз, іздеу өрісіне үлгі атауын енгізіп, Өту опциясын таңдаңыз.
Өнім қолдаулары Тақырып Өнім қолдаулары Дерек көзі АҚШ-та көмек алу үшін мына сайтты қараңыз: http://www.hp.com/go/contactHP. Әлем бойынша көмек алу үшін, мына сайтты қараңыз: http://welcome.hp.com/country/us/en/ wwcontact_us.html. Бұл веб-сайттан келесі қолдау түрлерін қолдануыңызға болады: Кепілдік туралы ақпарат ● HP техника маманымен чат арқылы кеңесу ● E-mail арқылы көмек алу ● Қажетті телефон нөмірлерін табу ● HP қызмет көрсету орталығын табу Кепілдік туралы ақпаратты http://www.hp.
Өнім құжаттамасы Тақырып Дерек көзі HP қолданушы құжаттамалары, ресми қағаздары және үшінші жақ құжаттамалары Пайдаланушы құжаттамасы қатты дискіде орналасқан. Windows 7 жүйесінде Пуск (Бастау), HP, одан кейін Документация HР (НР құжаттамасы) тармақтарын таңдаңыз. Windows 8 жүйесінде Пуск (Бастау) экранынан Документация HP (НР құжаттамасы) қолданбасын таңдаңыз. Windows 10 жүйесінде Пуск (Бастау), Барлық қолданбалар, одан кейін HР тармағын таңдап, HP құжаттамасы бөлімін таңдаңыз.
Өнім жаңартулары Тақырып Драйвер мен базалық кіріс-шығыс жүйесін жаңарту Дерек көзі Жұмыс бекетіңіздің соңғы драйверін табу үшін http://www.hp.com/go/ workstationsupport веб-сайтынан қараңыз. Жұмыс бекетіндегі ағымдағы жұмыс бекетінің BIOS нұсқасын анықтау үшін жүйе іске қосылғанда келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Жұмыс бекетін қосып, қосылу (жүктелу) барысында Esc пернесін басыңыз. 2. F10 Setup орнату құралын енгізу үшін F10 түймесін басыңыз. 3. Файл > Жүйе туралы мәліметтер бөліміне өтіңіз.
2 Жұмыс станциясы мүмкіндіктері Жұмыс бекетіңіз үшін қамтамасыз етілген жабдықтар мен бөлшектер туралы толық және жаңартылған ақпаратты http://partsurfer.hp.com мекен-жайынан қараңыз. ● HP Z440 жұмыс бекеті құрамдас бөлшектері ● HP Z640 жұмыс бекеті құрамдас бөлшектері ● HP Z840 жұмыс станциясы құрамдас бөлшектері ● Өнім сипаттамалары HP Z440 жұмыс бекеті құрамдас бөлшектері HP Z440 жұмыс бекетінің алдыңғы панель бөлшектері 1 Оптикалық дискі бөліктері 5 USB 3.
HP Z440 жұмыс бекетінің артқы панель бөлшектері 6 1 Қуат көзінің өзін-өзі тексеру (BIST) жарық диоды 8 Дыбыс қабылдау қосқышы (көк) 2 PS/2 пернетақта қосқышы (күлгін) 9 PCI/PCIe карта ұялары 3 PS/2 тінтуір қосқышы (жасыл) 10 Қуат сымының қосқышы 4 USB 2.0 порттары (2, қара) 11 Әмбебап блок қысқышын ашу 5 USB 3.
HP Z640 жұмыс бекеті құрамдас бөлшектері HP Z640 жұмыс бекетінің алдыңғы панель бөлшектері 1 Оптикалық дискі бөліктері 5 USB 3.0 зарядтау порты (1) 2 Оптикалық драйвер 6 USB 3.
HP Z640 жұмыс станциясының артқы панель бөлшектері 8 1 Қуат көзінің өзін-өзі тексеру (BIST) жарық диоды 7 AMT қосылған желі ұясы (қызғылт-сары) 2 Артқы қуат түймесі 8 Дыбыс шығару ұяшығы (жасыл) 3 PS/2 пернетақта қосқышы (күлгін) 9 Дыбыс қабылдау қосқышы (көк) 4 PS/2 тінтуір қосқышы (ашық жасыл) 10 PCI/PCIe карта ұялары 5 USB 2.0 порттары (2, қара) 11 Қуат сымының қосқышы 6 USB 3.
HP Z840 жұмыс станциясы құрамдас бөлшектері HP Z840 жұмыс станциясының алдыңғы панель бөлшектері 1 Оптикалық драйвер 5 USB 3.0 зарядтау порты (1) 2 Оптикалық дискі бөліктері 6 USB 3.
HP Z840 жұмыс станциясының артқы панель бөлшектері 1 Қуат көзінің өзін-өзі тексеру (BIST) жарық диоды 8 USB 2.0 порттары (2, қара) 2 Артқы қуат түймесі 9 USB 3.
Өнім сипаттамалары Жұмыс станциясы салмағы мен өлшемдері HP Z440 HP Z640 HP Z840 Стандарты конфигурация 13,2 кг (29,10 фунт) 17,9 кг (39,46 фунт) 23,5 кг (51,90 фунт) Ең аз конфигурациясы 12,5 кг (27,56 фунт) 15,5 кг (34,17 фунт) 19,8 кг (43,70 фунт) Ең көп конфигурациясы 17,7 кг (39,02 фунт) 22,6 кг (49,82 фунт) 28,9 кг (63,60 фунт) Биіктігі 43,18 см (17,0 дюйм) 44,4 см (17,5 дюйм) 44,4 см (17,5 дюйм) Ені 16,89 см (6,65 дюйм) 17,15 см (6,75 дюйм) 20,3 см (8,0 дюйм) Тереңдігі 44,47 с
3 Жұмыс станциясы параметрлерін орнату Бұл бөлімде жұмыс станциясы парамтерлерін жолы сипатталған. ● Дұрыс желдету қамтамасыз ету ● Параметр орнату процедуралары ● Мониторлар қосу ● Қосымша құрамдас бөлшектерді орнату ● Қауіпсіздік ● Өнімді қайта өңдеу Дұрыс желдету қамтамасыз ету Дұрыс желдету жұмыс станциясының қызметі үшін маңызды. Мына нұсқауларды орындаңыз: ● Жұмыс бекетін тұрақты, жазық жерде қолданыңыз.
● Шкаф ішіне орнату үшін шкапты дұрыс желдетуді қамтамасыз етіңіз, қоршаған ауа температурасы көрсетілген шектеулерден аспайтын болсын. ● Келесі суретте көрсетілгендей, желдеткіштер немесе кіретін және шығатын ауа саңылауларын бөгеп тастамаңыз. Параметр орнату процедуралары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! көріңіз: Тоқ соғу және құралды бүлдіріп алу қаупін азайту үшін, мынадай тәжірибе жасап • Қуат сымын оңай қол жетерлік жерде орналасқан жерге қосылған ток көзіне қосыңыз.
Мониторлар қосу Қосымша мониторлар жалғауды жоспарлау HP Z сериялы жұмыс станцияларымен бірге берілетін графикалық адаптерлердің барлығы бір уақытта екі монитордың істеп тұруына қолдайды (қараңыз: Мониторларды реттеу және қосу (18-бет)). Екі монитордан да көбін қолдайтын басқа карталар да болады. Мониторлар жалғау процесі графикалық карталарға және жалғанатын монитор түрлері мен санына байланысты әр түрлі болады. Бұл процесті бірнеше монитор жалғауды жоспарлау үшін пайдаланыңыз. 1.
ЕСКЕРТПЕ: 60 Гц және 1920 x 1200 пиксель ажыратылымдығынан жоғары мониторлар үшін Dual Link DVI (DL-DVI) немесе Display Port шығысы бар графикалық карта қажет болуы мүмкін. DVI үшін жергілікті ажыратымдылыққа қол жеткізу үшін, стандартты DVI-I немесе DVID кабельдерін емес, DL-DVI кабелін пайдалану керек. HP жұмыс бекеттері барлық графикалық карталарды қолдамайды. Жаңа графикалық карта сатып алмай тұрып, оны мониторыңыз қолдайтынын тексеріңіз.
1. http://www.hp.com/go/qs/ веб-торабына өтіңіз. 2. Белсенді QuickSpecs іздеу опциясын таңдап, Жұмыс үстелдері мен жұмыс станциялары бөімін таңдаңыз. 3. Техникалық сипаттамаларды қарау үшін, сіздегі үлгіні таңдаңыз. 4. Картаның қанша монитор, қосқыштар, қуат тұтыну деңгейі, драйверлер қамтитынын қоса, қолдау көрсетілетін графикалық карталарға арналған кеңейтілген техникалық ақпаратты және басқа мәліметтерді көрсету үшін Техникалық сипаттар-графикалар сілтемесін басыңыз.
Графикалық карталарды монитор қосқыштарына сәйкестендіру Төмендегі кестеде монитор параметрлерін реттеу сценарийлері сипатталған.
● DisplayPort шығыс қосқышы бар графикалық карта — Графикалық картада төрт DisplayPort шығыс ұяшықтары болса, мониторды әрбір ұяшыққа қосуға болады. Қажет болса, сәйкес адаптерлерді пайдаланыңыз. ● DVI шығыс қосқышы бар графикалық карта — Сізде екі DVI шығыс ұяшығы бар графикалық карта болса, мониторды әрбір ұяшыққа қосуға болады. Қажет болса, сәйкес адаптерлерді пайдаланыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Тек бір DVI портына ие модельдер әрқашан екінші графикалық шығыс опциясына (DisplayPort немесе VGA) ие болады.
2. Монитор кабельдерінің екінші ұштарын мониторларға жалғаңыз. 3. Монитор қуат кабелінің бір ұшын мониторға жалғап, екінші ұшын АТ розеткасына қосыңыз. 4. Мониторды реттеңіз. Мәлімет алу үшін Microsoft анықтамасын немесе http://www.microsoft.com қараңыз. Linux жүйесінде мониторды орнату үшін әдетте сызбалық карталарының параметрлер құралын пайдалануға болады (мысалы, NVIDIA nvidia-параметрлері немесе AMD Catalyst басқару орталығы).
Үшінші тарап графикалық параметрлерді реттеу қызметтік бағдарламасын пайдалану Үшінші тарап графикалық карталарында монитор параметрлерін реттеу қызметтік бағдарламасы болуы мүмкін. Орнатылған соң, бұл қызметтік бағдарлама Windows жүйесіне бекітіледі. Бұл қызметтік бағдарламаны таңдап, жұмыс станциясына көптеген мониторлар параметрлерін реттеуге болады. Толық мәліметтерді графикалық картаңыздың құжатынан қараңыз.
Қауіпсіздік Кейбір HP жұмыс бекеттерінің бүйірлік қатынас панелінда құлып болады. Осы құлып кілті жұмыс станциясы блогының артқы панеліна бекітілген күйінде жеткізіледі. Қосымша қауіпсіздік мүмкіндіктері ұрлану қаупін азайтады және блок ашылғанда дабыл ойнатады. Жүйеңіз үшін қол жетімді қосымша жабдық және бағдарламалық құрал қауіпсіздік мүмкіндіктері туралы ақпарат алу үшін http://www.hp.
4 Орнату, сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 7 жүйесін жөндеу Бұл тарау Windows 7 операциялық жүйесін орнату және жаңарту туралы ақпарат береді. Ол мына тақырыптарды қамтиды: ● Windows 7 операциялық жүйесін орнату ● Сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 7 жүйесін жөндеу ЕСКЕРТУ: Операциялық жүйесін орнату сәтті аяқталғанша компьютерге қосымша құрылғыларды немесе үшінші тарап құрылғыларын қоспаңыз.
Файлдар мен параметрлерді тасымалдау Windows операциялық жүйесі дерек көшіру аспаптарын ұсынады, олардың көмегімен файлдарды бір Windows негізіндегі жұмыс бекетінен екіншісіне аударуға болады. Бұл құралдар туралы ақпаратты мына веб-тораптан қараңыз: http://www.microsoft.com. Сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 7 жүйесін жөндеу Жұмыс бекетіңізде HP және Windows компаниясы жабдықтаған ақпаратыңызды қорғайтын және қажет кезінде алып шығуға болатын аспаптар мен жұмыс жүйесі бар.
Мәліметтердің сақтық көшірмесін жасау ЕСКЕРТПЕ: Windows жүйесінде жұмыс бекетінің қауіпсіздігін жақсартуға арналған User Account Control (Пайдаланушы тіркелгісін басқару) мүмкіндігі бар. Кейбір тапсырмаларды орындағанда, пайдаланушы тіреклімін басқарушы сізден рұқсат немесе кұпия сөз талап етуі мүмкін. Тапсырманы жалғастыру үшін, қажетті опцияны таңдаңыз. Пайдаланушы тіркелімін басқарушы туралы толығырақ Анықтама және қолдау бөлімінен қараңыз.
1. Ашық тұрған барлық бағдарламаны жабыңыз. 2. Пуск (бастау), Компьютер, одан кейін Свойства (Ерекшеліктері) тармақтарын таңдаңыз. 3. Защита системы (жүйені қорғау) > Восстановление системы (жүйені қалпына келтіру > Далее (келесі) тармақтарын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіру ЕСКЕРТУ: Бұл процедурада барлық пайдаланушы мәліметтері жойылады. Мәлімет жоғалуының алдын алу үшін, барлық пайдаланушы мәліметтерінің сақтық көшірмелерін міндетті түрде жасаңыз, осылайша оларды жүйе қалпына келген соң орнына қоясыз. Жүйені қалпына келтіру бағдарламасын пайдалану алдында әрқашан қатеден кейін жүйені қалпына келтіру процедурасын орындаңыз. Жүйені қалпына келтіру (24-бет) бөлімін қараңыз.
HP қалпына келтіру дискі амалдық жүйе дискілерін қолдану ЕСКЕРТУ: Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискін пайдалану қатты дискідегі файлдарды толығымен жояды және қатты дискінің пішімін өзгертеді. Сіздің жұмыс бекеті құрылған және кез-келген орнатылған файлдар біржола жойылады. Қайта пішімдеу аяқталған кезде, қалпына келтіру процесі амалдық жүйені, сонымен қатар түпнұсқа драйверлерді қалпына келтіруге көмектеседі. Жүйемен берілген бағдарламалық құралды http://www.hp.com мекенжайынан жүктеуге болады.
5 Орнату, сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 8 Бұл тарау Windows 8 операциялық жүйесін орнату және жаңарту туралы ақпарат береді. Ол мына тақырыптарды қамтиды: ● Қосымша ақпарат ● Windows 8 операциялық жүйесін орнату ● Windows 8 жаңартуларын қотару ● Сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 8 жүйесін жөндеу ЕСКЕРТУ: Операциялық жүйесін орнату сәтті аяқталғанша компьютерге қосымша құрылғыларды немесе үшінші тарап құрылғыларын қоспаңыз.
Windows 8 жаңартуларын қотару Microsoft корпорациясы операциялық жүйе жаңартуларын шығаруы мүмкін. Жұмыс бекеті жұмысын оңтайлы күйде сақтау үшін HP компаниясы бастапқы орнату барысында және жұмыс бекеті жарамдылығының соңына дейін ең соңғы жаңартуларды кезеңді түрде тексеріп отыруды ұсынады. Жұмыс бекетін орнатқан соң бірден Windows жаңарту бағдарламасын іске қосыңыз. 1. Бастау экранының жоғарғы оң немесе төменгі оң бұрышына жылжып, шебер түймелерді көрсетіңіз. 2.
Бастау экранына резервная копия (сақтық көшірме) деп жазыңыз, одан кейін Сохранение резервных копий файлов с помощью истории файлов (Файлдар журналымен бірге файлдардың сақтық көшірмелерін сақтау) опциясын таңдаңыз. Деректеріңіздің сақтық көшірмесін қосымша сыртқы қатты дискке немесе желі драйверіне жасауға болады. Сақтық көшірме жасау барысында мыналарды ескеріңіз: ● Жеке файлдарды құжаттар кітапханасы бөліміне сақтап, олардың сақтық көшірмелерін тұрақты түрде жасап тұрыңыз.
восстановления (Қалпына келтіру драйвын жасақтау) пәрменін басыңыз. Жалғастыру үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 2. Құрал немесе бағдарлама қосқанда, жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасақтап қойыңыз. Жүйені қалпына келтіру нүктесі деген қатты диск мазмұнының белгілі бір уақытта Windows жүйесін қалпына келтіру қызметі жасаған көшірмесі. Жүйені қалпына келтіру нүктесінде Windows қолданатын тіркеу реттеулері сияқты ақпарат болады.
қалпына келтіру құралы зауытта орнатылған амалдық жүйені және HP бағдарламалары мен драйверлерін қайта орнатады. Зауытта орнатылмаған бағдарламалық құрал қайта орнатылуы керек. Барлық жеке файлдарды жасалған сақтық көшірмелер арқылы қалпына келтіру қажет. Windows 8 қайта реттеу функциясын қолдану (33-бет) бөлімін қараңыз. ● Егер жұмыс бекеті қосылмаса, жүйені қалпына келтіру үшін жасақталған Windows қалпына келтурі USB драйвын қолдануға болады.
4. Жүйені қалпына келтіру опциясын таңдау үшін F11 пернесін басыңыз. 5. Пернетақтаның орналасу күйін таңдаңыз. 6. Ақаулықтады жою бөлімін таңдаңыз. 7. Жаңалау пәрменін таңдаңыз. 8. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Windows 8 қайта реттеу функциясын қолдану МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Reset ақпараттың сақтық көшірмесін жасамайды. Reset қолданбасын пайдаланарда өзіңізге қажетті жеке ақпараттың сақтық көшірмесін жасаңыз.
Windows 8 қалпына келтіру USB флэш драйвын қолданып қалпына келтіру ЕСКЕРТУ: F11 пайдалану қатты дисктегі файлдарды толығымен жояды және қатты дисктің пішімін өзгертеді. Сіздің жұмыс бекеті құрылған және кез-келген орнатылған файлдар біржола жойылады. F11 қалпына келтіру құралы зауытта орнатылған амалдық жүйені және HP бағдарламалары мен драйверлерін қайта орнатады. Барлық басқа бағдарламаларды қайта орнату қажет болады.
Windows 8 қалпына келтіру медиасын қолданып қалпына келтіру Бұл үрдіс Windows 8 қалпына келтіру дискін қажет етеді және оны қолдау веб-торабы арқылы алдыруға болады. Windows 8 қалпына келтурі медиасы Windows 8 амалдық жүйе дискі мен Windows 8 драйвер дискісінен тұрады. АҚШ-та көмек алу үшін мына сайтты қараңыз: http://www.hp.com/support. Әлем бойынша көмек алу үшін, мына сайтты қараңыз: http://www8.hp.com/us/en/contact-hp/ww-contact-us.html.
6 Орнату, сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 10 жүйесін жөндеу Бұл тарау Windows 10 операциялық жүйесін орнату және жаңарту туралы ақпарат береді. Ол мына тақырыптарды қамтиды: ● Бағдарламаны белсендіру және теңшеу ● Жұмыс станциясын өшіру ● Толығырақ ақпарат іздеу ● Мәселелер орын алса Бағдарламаны белсендіру және теңшеу Қосымша мәліметтер операциялық жүйені орнатқаннан кейін онлайн анықтамада қол жетімді болады.
Жұмыс станциясын өшіру Жұмыс станциясын дұрыс өшіру үшін алдымен амалдық жүйенің жұмысын аяқтаңыз. ▲ Іске қосу белгішесін, Қуат белгішесін басыңыз, содан кейін Өшіру опциясын таңдаңыз. – немесе – Тапсырмалар тақтасынан параметрлер сөзін теріп, Параметрлер опциясын таңдаңыз, өшіру сөзін теріп, Компьютерді өшіру түймесін басыңыз. Толығырақ ақпарат іздеу ЕСКЕРТПЕ: Келесі құжаттарды жұмыс станциясының қатты дискісінде табуға болады.
Көріп тексеру: Жүктелмейді, іске қосылмайды, бейне көрсетілмейді Егер жұмыс станциясы, монитор немесе бағдарлама жұмысында мәселелер пайда болса, одан арғы әрекеттерді орындау алдында жалпы ұсыныстар тізімін қараңыз: ● Жұмыс бекеті мен монитор қуат көзіне қосылғанын тексеріңіз. ● Кернеуді айырып-қосқыш (кейбір модельдерде бар) аймағыңыз үшін тиісті күйге орнатылғанын тексеріңіз (115 В немесе 230 В). ● Жұмыс станциясы қосулы және қуат индикаторы қосулы екенін тексеріңіз.
Техникалық қолдау қызметіне хабарласу алдында АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жұмыс станциясы айнымалы ток қуат көзіне қосылған кезде жүйелік тақтаға үнемі кернеу беріледі. Электр тогының соғуы және/немесе ыстық беттерден күйік алу қаупін азайту үшін электр розеткасынан қуат сымын ажыратыңыз және тию алдында ішкі жүйе құрамдастарын суытыңыз.
● Қоңырау шалғанда жұмыс станциясының алдында болыңыз. ● Қоңырау шалмас бұрын өнім идентификациялық нөмірін, жұмыс станциясы мен монитордың сериялық нөмірлерін және мүмкін болса, диагностикалау арқылы жасалған ақаулық иденификаторын жазып алыңыз. ● Мәселені шешкенде қызмет көрсету маманының жанында болыңыз. ● Жүйеге жақында қосылған бүкіл жабдықты алып тастаңыз. ● Жақында орнатылған барлық бағдарламаларды жойыңыз.
Жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау және жеке мәліметтердің сақтық көшірмелерін жасау үшін Windows құралдарын пайдалануға болады, Windows құралдарын пайдалану (42-бет) бөлімін қараңыз. ● Егер жұмыс станциясында Recovery немесе Windows бөлімі болмаса, жұмыс станциясын сәтті түрде орнатқаннан кейін қалпына келтіру медиасын жасау үшін HP Recovery Manager құралын пайдаланыңыз. HP Recovery құралын қатты диск бүлінген жағдайда жүйені қалпына келтіру үшін қолдануға болады.
Windows құралдарын пайдалану Windows құралдары арқылы қалпына келтіру медиасын, жүйені қалпына келтіру нүктелерін және жеке ақпаратыңыздың сақтық көшірмелерін жасауға болады. ЕСКЕРТПЕ: Егер сақтау орны 32 ГБайт немесе одан төмен болса, Microsoft жүйесін қалпына келтіру құралы әдепкі бойынша ажыратылған болады. Қосымша ақпаратты және нұсқауларды алу үшін Анықтама және қолдау бағдарламасын қараңыз. ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесінде анықтама сөзін теріп, Анықтама және қолдау тармағын таңдаңыз.
жасалмаған болса, НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы өнімдер) (40-бет) бөлімін қараңыз. Жұмысқа кіріспес бұрын маңызды ақпаратпен таңысу қажет. ● HP Recovery Manager бағдарламалық құралы тек зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қалпына келтіреді. Бұл жұмыс станциясымен берілмеген бағдарламаларды не өндіруші вебсайтынан немесе өндіруші жабдықтаған тиісті медиадан жүктеп алуыңыз керек.
Жұмыс станциясы жүктелген кезде f11 пернесін басыңыз немесе қуат түймешігін басқан кезде f11 пернесін басып ұстап тұрыңыз. 2. Жүктеу опцияларының мәзірінен Устранение неполадок (Ақаулықтарды жою) тармағын таңдаңыз. 3. Қалпына келтіру реттеушісі бөлімін, Жүйені қалпына келтіру бөлімін таңдаңыз, содан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Қалпына келтіру үшін HP Recovery құралын пайдалану Бастапқы жүйені қалпына келтіру үшін, HP Recovery құралын қолдануға болады.
7 Linux жүйесін орнату және қалпына келтіру HP компаниясы HP жұмыс бекеті тұтынушыларына көптеген Linux шешімдерін ұсынады: ● HP компаниясы Red Hat® кәсіпкерлік Linux (RHEL) жүйесін HP жұмыс бекеттерінде қолдайды. ● HP компаниясы SUSE Linux кәсіпкерлік жұмыс үстелі (SLED) жүйесін HP жұмыс бекеттерінде қолдайды. ● HP компаниясы HP жұмыс бекеттерінде Canonical Ubuntu куәландырады және қолдайды. ● HP компаниясы SLED 11 алдын-ала жүктеулерін кейбір Z сериялы жұмыс бекеттерінде ұсынады.
Жинақты келесі қадамдарды орындау арқылы да жүктеуге болады: 1. http://www.hp.com/support/workstation_swdrivers веб-торабына өтіңіз. 2. Жұмыс бекетінің үлгісін таңдаңыз. 3. Қалаулы жұмыс жүйесін таңдаңыз. 4. Бағдарлама/драйвер тілін таңдаңыз, одан кейін Бағдарлама жылдам өту сілтемесін басыңыз. 5. Қажетті орамның Бағдарламаға ие болу сілтемесін басыңыз (әдетте ең соңғы жаңартылған нұсқасы). 6. Лицензия келісім-шартын қабылдау үшін келісемін түймесін басыңыз. 7.
HPIKL драйвер дискісі HP жұмыс станцияларын қолдау үшін Red Hat Linux әдетте драйверді аздаған жөндеулермен жаңартуды ғана талап етеді. Бұл нұсқаларды HPIKL драйвер дискісі арқылы қолдауға болады, оны стандартты Red Hat Linux жүйесін орнатқаннан кейін қолдануға болады. Стандартты Red Hat жүйесін орнатқаннан кейін жүйені қайта бастаңыз, Red Hat бірінші қосу орындалады.
SLED жүйесін DVD орнату жинағы арқылы орнату 48 1. Егер HP драйвері дискісі жұмыс станциясымен бірге келмесе, жасап алыңыз (нұсқауларды мына жерден қараңыз: Linux жүйесіне арналған HP орнату жинағы (HPIKL) (45-бет)). 2. Жұмыс станциясын SUSE жинағында берілген дискілерді қолданып орнатыңыз. 3. Жұмыс жүйесі сәтті орнатылған соң, жұмыс бекетін қайта қосыңыз. 4. HP драйвері дискісін салыңыз. HPIKL орнату бағдарламалық құралы автоматты түрде іске қосылады.
SLED (алдын ала жүктелген жүйелер үшін ғана) жүйесін қалпына келтіру SLED жүйесін қалпына келтіру үшін, SLED қалпына келтіру медиасын қолдану қажет. Қалпына келтіру дерек тасушысын жасау: 1. Жұмыс үстеліндегі SUSE ISO таңбасын басып, /iso папкасын ашыңыз. Жұмыс бекетін алдын-ала жүктеуге қажетті барлық ISO бейнелері папкада берілген. 2. ISO бейнелерін оптикалық дерек тасушыға көшіру үшін мені оқы файлында берілген нұсқауларды орындаңыз. 3. Дерек тасушысын қауіпсіз жерге сақтаңыз.
Кейбір жағдайларда HP компаниясы сынаған меншіктік сызбалық драйверлері драйвер дискісі жеткізетін жалғыз “жүктеме” болуы мүмкін. 1. Амалдық жүйені жеке орнату тасушысынан орнатыңыз. Ubuntu жүйесі www.ubuntu.com ішінен ақысыз қол жетімді болады. 2. Жұмыс бекетін қайта іске қосыңыз. 3. HP драйвері дискісін салыңыз. HPIKL орнату бағдарламалық құралы автоматты түрде іске қосылады. 4. Әкімші құпия сөзін енгізу сұралған кезде өріске құпия сөзді енгізіңіз. 5.
Меншіктік графика драйверлері Көптеген HP жұмыс бекеттерін HP компаниясының кеңейтілген растауынана өткен графика карталарымен бірге алуға болады. Қолдауы бар карталар тізімі үшін HP жұмыс бекеттеріне арналған Linux жабдығының матрицасын http://www.hp.com/support/linux_hardware_matrix ішінде қараңыз. ЕСКЕРТПЕ: Жұмыс бекеттерінде барлық карталар берілмеген. Шектеулер қуатты аз шығындайтын жұмыс бекеттерінде қуатты көп қолданатын карталарға берілген.
8 Жұмыс станциясын жаңарту ● Жұмыс станциясын алғаш қосқаннан кейінгі жаңарту ● Жұмыс бекетін жаңарту ● құрылғы драйверлерін жаңарту HP жұмыс станциясының сапасын арттыру жолында тынбай қызмет етеді. Жұмыс станцияңыз ең соңғы жаңартуларды қолдануы үшін, HP сізге соңғы базалық кіріс-шығыс жүйесін, драйверді және бағдарлама жаңартуларын әрқашан орнатып отыруға кеңес береді.
Базалық кіріс-шығыс жүйесін жаңарту Ең соңғы кеңейтімдерді қамтитын ең соңғы қол жетімді BIOS нұсқасын тауып жүктеңіз: 1. http://www.hp.com/go/workstationsupport веб-торабына өтіңіз. 2. Жүктеу опциялары қойындысында драйверлер, бағдарламалық құрал және микробағдарлама бөлімін таңдаңыз. 3. Жұмыс бекетіне жетімді соңғы BIOS нұсқасын табу үшін нұсқауларды орындаңыз. 4.
9 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді және амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді.
UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз. HP PC Diagnostics басты беті көрсетіледі. 2. HP PC Hardware Diagnostics бөліміндегі Загрузка (Жүктеу) сілтемесін басып, Выполнить (Орындау) пәрменін таңдаңыз. Белгілі бір өнімге арналған кез келген UEFI нұсқасын жүктеп алу 1. http://www.hp.com/support веб-торабына өтіңіз. 2. Загрузка ПО и драйверов (Бағдарламалық құрал мен драйверлерді жүктеп алу) қойыншасын таңдаңыз. 3.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді. Remote HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын қашықтағы диагностикаға серверді теңшеу немесе орындалатын диагностика сынағын реттеу үшін пайдалану туралы құжаттамаға кіру үшін http://www.hp.com/support торабына өтіңіз. Найдите свое устройство (Құрылғыңызды табыңыз) қойыншасын таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
10 Диагностика және жеңіл ақаулықтарды жою ● Телефон арқылы қолдау көрсету ● ID жапсырмаларын табу ● Кепілдік туралы ақпаратты табу ● HP ақаулықтарды жою көздері мен құралдары Телефон арқылы қолдау көрсету Кейде техникалық көмек қажет болатын жағдайлар болуы мүмкін. Қолдау қызметіне қоңырау шалудан бұрын келесілерді орындаңыз: ● Жұмыс бекетінің ыңғайлы, қол жететін жерде тұрсын. ● Жұмыс бекетіңіздің сериялық нөмірін, өнім нөмірлерін, үлгі нөмірлерін жазып, дайындап қойыңыз.
ID жапсырмаларын табу Ақауларды жоюда көмектесу үшін әрбір жұмыс бекетінде идентификация жапсырмалары қол жетімді. ● Барлық жұмыс бекеттерінің сериялық нөмірі (әр жұмыс бекетінің өзінің) және өнім нөмірі болады. Қолдау қызметіне қоңырау шалғанда осы нөмірлерді алдын-ала дайындап қойыңыз. ● Рұқсат сертификаты (COA) Windows 7 алдын ала орнатылған жүйесінде ғана қолданылады. ● Төлтума Microsoft белгісі (GML) Windows 8 алдын ала орнатылған жүйесінде ғана қолданылады.
● http://www.hp.com—Өнім туралы пайдалы ақпарат береді. ● http://www.hp.com/support/workstation_manuals—Жаңартылған ақпараттарды желі арқылы қамтамасыз етеді. ● http://www.hp.com/go/workstationsupport—Жұмыс бекеттеріне техникалық қолдау көрсетеді. ● http://www8.hp.com/us/en/contact-hp/phone-assist.html—Әлем бойынша техникалық көмек көрсету телефон нөмірлерінің тізімін қамтамасыз етеді. Аймақты таңдаңыз. ● http://www.hp.
туралы. PCN тізімін көру үшін өніміңізге арналған Кеңестер, қауіпсіздік кітапшалары және ескертулер бетіне өтіңіз.
Пайдалы кеңестер Жұмыс бекеті, монитор немесе бағдарлама ақаулығы орын алса, төменде берілген жалпы кеңестер пайдалы болуы мүмкін. Бастағанда ● Жұмыс бекетінің жұмыс істеп тұрған айнымалы ток көзіне қосылғанын тексеріңіз. ● Жұмыс бекетін қосар алдында оптикалық дискілер мен USB драйвтарын алып тастаңыз. ● Жұмыс бекеті мен қуат шамы қосулы екенін тексеріңіз. ● Егер өндіруші орнатқаннан амалдық жүйеден басқа амалдық жүйе орнатсаңыз, http://www.hp.
● «Барлығы біреуде» жұмыс бекетіндегі ішкі дисплей панелі бос болса, жұмыс бекетін ашып, жүйелік тақта мен ішкі дисплей панелі арасындағы кабельдің екі ұшының дұрыс жалғанғанын тексеріңіз. Графикалық картаны пайдалансаңыз, графикалық картаның дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. ● Базалық кіріс-шығыс жүйесін жаңарту Жаңа қызметтерді қолдайтын және ақаулықты жөндейтін BIOS жаңа нұсқасы шыққан болу керек.
11 Күнделікті күтім ● Жалпы тазалау туралы қауіпсіздік ескертулері ● Ұсынылған тазалау өнімдері ● 3D шассиін тазалау ● Пернетақтаны тазалау ● Мониторды тазалау ● Тінтуірді тазалау Жалпы тазалау туралы қауіпсіздік ескертулері ● Жұмыс бекетін тазалау үшін еріткіштер мен тез жалындайтын сұйықтарды қолданбаңыз. ● Бөлшектерін суға немесе тазалайтын ерітіндіге салмаңыз; таза матаға алдымен сұйықты шашып алып, сүртуге болады.
3D шассиін тазалау ● Жұмыс бекетін тазаламас бұрын жұмыс бекетіне арналған Maintenance and Service Guide (Күтім және қызметтер нұсқаулығындағы) қауіпсіздік шараларын орындаңыз. ● Дақтары мен кірін кетіру үшін түксіз мата мен таза су қолданыңыз. ● Дақтар кетпесе, аздап ыдыс жуатын сұйықтықтықпен сабындалған жұмсақ микроталшықты шүберек немесе күдерімен сүртіп алыңыз. Үстінен таза сумен дымқылданған матамен сүртіп алыңыз. ● Тазалап болған соң, жұмыс бекетін әрқашан таза, түксіз матамен сүртіп алыңыз.
Тінтуірді тазалау 1. Тінтуірді тазаламас бұрын жұмыс бекетіне арналған Maintenance and Service Guide (Күтім және қызметтер нұсқаулығындағы) қауіпсіздік шараларын орындаңыз. 2. Тінтуір қосылып тұрса, суырыңыз. 3. Тінтуірді спиртсіз әйнек тазалау сұйығымен немесе сабынды сумен дымқылданған жұмсақ микроталшықты шүберекпен немесе күдерімен сүртіңіз. 4.
12 Қосылу мүмкіндігі HP әзірлейтін, өндіретін және сататын өнімдер мен қызметтердің жеке өздерін немесе көмекші құралдармен бірге барлық адамдар, соның ішінде физикалық қабілеттері шектеулі адамдар да қолдана алады. Қолдау көрсетілетін көмекші технологиялар HP өнімдері әр алуан амалдық жүйелерге көмекші технологияларды қолдайды және көмекші технологиялармен бірге жұмыс істеуге конфигурациялауға болады. Көмекші фукциялар туралы қосымша ақпарат табу үшін құрылғының іздеу мүмкіндігін қолданыңыз.
Индекс Б Базалық кіріс-шығыс жүйесі Жаңарту 53 Нұсқасын анықтау 52 Г Графикалық карталар Түрлері 17 Д Диагностика және ақауларды жою Кепілдік ақпаратын орналастыру 58 Диагностика және ақаулықтарды жою ID жапсырмаларын табу 58 драйверел орнату 22 драйверлер Жаңарту 53 жаңарту 22 Ж Жұмыс бекетін жаңарту Жұмыс бекетін жаңарту 53 Жұмыс бекетін орнату Дұрыс желдету қамтамасыз ету 12 Жұмыс бекетінің бөлшектері HP Z440 жұмыс бекеті 5 HP Z440 жұмыс бекетінің алдыңғы тақтасы 5 HP Z440 жұмыс бекетінің артқы тақтасы 6