User's Guide

ЕСКЕРТПЕ: 60 Гц және 1920 x 1200 пиксель ажыратылымдығынан жоғары мониторлар
үшін Dual Link DVI (DL-DVI) немесе Display Port шығысы бар графикалық карта қажет болуы
мүмкін. DVI үшін жергілікті ажыратымдылыққа қол жеткізу үшін, стандартты DVI-I немесе DVI-
D кабельдерін емес, DL-DVI кабелін пайдалану керек.
HP жұмыс бекеттері барлық графикалық карталарды қолдамайды. Жаңа графикалық карта
сатып алмай тұрып, оны мониторыңыз қолдайтынын тексеріңіз. Қолдау көрсетілетін
графикалық карталарды табу (15-бет) бөлімін қараңыз.
Көптеген графикалық карталарда екіден көп мониторға қосу ұялары болады, бірақ
мүмкіндіктері бір уақытта тек екі монитор қосумен ғана шектеледі. Графикалық карта
құжатына жүгініңіз немесе картадан
Қолдау көрсетілетін графикалық карталарды табу
(15-бет) бөліміндегі процедураға сай ақпаратты іздеңіз.
Кейбір графикалық карталарды монитор сигналын бірнеше шығыс ұясы арқылы көбейту
арқылы бірнеше мониторға қосуға болады. Бұл графика өнімділігін төмендетуі мүмкін.
Графикалық карта құжатына жүгініңіз немесе картадан Қолдау көрсетілетін графикалық
карталарды табу (15-бет) бөліміндегі процедураға сай ақпаратты іздеңіз.
Карта шығыс қосқышының монитор кіріс қосқышына сәйкестігін тексеріңіз. (Мониторды қосу
талаптарын анықтау (17-бет) бөлімін қараңыз.)
HP-Z жұмыс станцияларының әр түрлі үлгілеріндегі қосымша графикалық карталарға арналған
нақты өлшем, деректер жылдамдығы және қуат шектеулері әр түрлі болуы мүмкін. Графикалық
карталарға арналған қалыпты нақты шекәр жұмыс бекеті үшін екеуден болатынын тексеріңіз.
Жұмыс бекетіңізде жаңа графикалық карталардың жұмыс істейтінін тексеру үшін, кеңейту
картасы ұясының анықтағышын Maintenance and Service Guide (Өндірістік және қызметтік
нұсқаулық) бөлімінен қараңыз.
3. Бір немесе бірнеше графикалық карта қосу керек болса:
а. Мониторлар саны, пайдаланылатын мониторлармен үйлесімділігі және өнімділігі жағынан
қажеттілігіңізге ең жақсы сәйкес келетін қолдау көрсететін графикалық карта түрін анықтаңыз.
Қолдау көрсетілетін графикалық карталарды табу (15-бет) бөлімін қараңыз.
ә. Карталарға сәйкес драйверлердің бар екенін тексеріңіз. HP сәйкес монитор драйверлері үшін
http://www.hp.com қараңыз.
б. Графикалық картаны жұмыс станциясына арналған http://www.hp.com/go/sml
мекенжайындағы бейне нұсқауларға қарап орнатыңыз.
в. Мониторды реттеңіз. Мәлімет алу үшін Microsoft® анықтамасын немесе
http://www.microsoft.com қараңыз.
Linux жүйесінде мониторды орнату үшін әдетте сызбалық карталарының параметрлер құралын
пайдалануға болады (мысалы, NVIDIA nvidia-параметрлері немесе AMD Catalyst басқару
орталығы). Кейбір соңғы Linux шығарылымдарында терезе реттеушісі жүйесінің (мысалы,
Gnome 3) теңшелімдерін де өзгерту керек.
КЕҢЕС: Ақаулықтарды жоюды және ықтимал проблемаларды шешуді оңайлату үшін,
мониторларды кезекпен қосыңыз: Алғашқы мониторды қосып, келесі мониторды қосар
алдында оның дұрыс жұмыс істейтінін тексеріңіз.
Қолдау көрсетілетін графикалық карталарды табу
Жұмыс станциясыңыз қолдайтын графикалық карталар туралы қосымша ақпаратты табу үшін:
Мониторлар қосу 15