User's Guide

Үшінші тарап графикалық параметрлерді реттеу қызметтік бағдарламасын
пайдалану
Үшінші тарап графикалық карталарында монитор параметрлерін реттеу қызметтік бағдарламасы болуы
мүмкін. Орнатылған соң, бұл қызметтік бағдарлама Windows жүйесіне бекітіледі. Бұл қызметтік
бағдарламаны таңдап, жұмыс станциясына көптеген мониторлар параметрлерін реттеуге болады.
Толық мәліметтерді графикалық картаңыздың құжатынан қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үшінші тарап параметрлерді реттеу қызметтік бағдарламалары параметрлерді
реттеу құралын пайдаланбас бұрын мониторларды Windows жүйесінде іске қосуды талап етеді. Қосымша
ақпаратты графикалық карта құжатынан қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Монитор параметрлерін реттеу қызметтік бағдарламаларын HP қолдау көрсету веб-
торабынан да табуға болады.
Монитор дисплейін реттеу (Windows)
Монитор моделін, жаңарту жиілігін, экран ажыратымдылығын, түс параметрлерін, қаріп өлшемдерін
және қуатты басқару параметрлерін таңдауға немесе өзгертуге болады.
Windows 7 жүйесінде дисплей параметрлерін өзгерту үшін, жұмыс үстеліндегі бос аймақты
тінтуірдің оқ жақ түймесімен басып, Экран ажыратылымдығы опциясын басыңыз.
Windows 8 жүйесінде дисплей параметрлерін өзгерту үшін, «Бастау» экранының жоғарғы оң немесе
төменгі сол бұрышын көрсетіп, ДК параметрлері > ДК және құрылғылар > Дисплей опциясын
басыңыз.
Windows 8 жүйесінде дисплей параметрлерін «Бастау» экранының жоғарғы оң немесе төменгі оң
бұрышын көрсету арқылы Шебер түймелер мәзірін ашып, Іздеу > Параметрлер басу, Параметрлер
іздеу өрісіне ажыратымдылықты теру және Экран ажыратымдылығын өзгерту опциясын басу
арқылы да өзгерте аласыз
.
Windows 10 жүйесінде дисплей параметрлерін өзгерту үшін тапсырмалар тақтасының іздеу
жолағына басқару панелі сөздерін теріп, Басқару панелі бөлімін таңдаңыз. Көрінісі және
жекелеу бөлімін, содан кейін Дисплей бөлімін таңдаңыз.
Дисплей параметрлерін реттеу туралы қосымша ақпаратты келесі ресурстардан қараңыз:
Графикаларды басқарушы қызметтік бағдарламасымен берілген электрондық құжаттама
Құжаттама монитормен бірге беріледі
Қосымша құрамдас бөлшектерді орнату
Жұмыс бекетінің үлгісіне қарай, жұмыс бекетіне қосымша құрамдас бөлшектерді (жад, қатты дисктер,
оптикалық дисктер, PCIe карталары немесе екінші процессор сияқты) орнатуға болады.
Құрамдас бөлшек орнату туралы бейнелерді көру үшін, http://www.hp.com/go/sml мекенжайына
өтіңіз.
Орнату нұсқаулықтары мен техникалық мәліметтерді http://www.hp.com/support/
workstation_manuals мекенжайындағы жұмыс бекетіңізге арналған Maintenance and Service Guide
(Техникалық күтім жасау және қызмет көрсету) бөлімін қараңыз.
20 3-тарау Жұмыс станциясы параметрлерін орнату