User's Guide

Файлдар мен параметрлерді тасымалдау
Windows операциялық жүйесі дерек көшіру аспаптарын ұсынады, олардың көмегімен файлдарды бір
Windows негізіндегі жұмыс бекетінен екіншісіне аударуға болады.
Бұл құралдар туралы ақпаратты мына веб-тораптан қараңыз: http://www.microsoft.com.
Сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 7
жүйесін жөндеу
Жұмыс бекетіңізде HP және Windows компаниясы жабдықтаған ақпаратыңызды қорғайтын және қажет
кезінде алып шығуға болатын аспаптар мен жұмыс жүйесі бар. Бұл аспаптардың қарапайым қадамдары
арқылы жұмыс бекетін қалыпты жұмыс күйіне, тіпті зауыттағы түпнұсқа күйіне қайтаруға болады.
Бұл тарауда төмендегі үрдістер туралы ақпарат беріледі:
Сақтық көшірме жасау
Жүйені жөндеу және қалпына келтіру
ЕСКЕРТПЕ: Windows сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру аспаптары туралы қосымша
ақпаратты Анықтама және қолдау бөлімінен қараңыз. Анықтама және Қолдау бөлімін ашу үшін: Пуск
(бастау) түймешігін басып, содан кейін Справка и Поддержка (Анықтама және қолдау) белгішесін
басыңыз.
Бұзылған жүйені жөндеу сақтық көшірме жасағанмен бірдей.
1. Жұмыс бекетін сәтті түрде орнатқаннан кейін қалпына келтіру құралын жасау үшін Windows
құралдарын пайдаланыңыз. Windows 7 жүйесінде Бастау > Басқару тақтасы > Жүйе және
қауіпсіздік > Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру > Жүйе кескінін жасау бөлімін
таңдаңыз.
2. Құрал немесе бағдарлама қосқанда, жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасақтап қойыңыз. Жүйені
қалпына келтіру нүктесі деген қатты диск мазмұнының белгілі бір уақытта Windows жүйесін
қалпына келтіру қызметі жасаған көшірмесі. Жүйені қалпына келтіру нүктесінде Windows
қолданатын тіркеу реттеулері сияқты ақпарат болады. Windows жүйені қалпына келтіру нүктесін
Windows жаңартулары немесе басқа жүйе жөндеулері кезінде (бағдарлама жаңартулары, қауіпсіздік
тексерулері немесе жүйе диагностикасы) автоматты түрде жасайды. Жүйені қалпына келтіру
нүктесін кез-келген уақытта қолмен жасауға да болады. Жүйені қалпына келтіру нүктесі туралы
қосымша ақпаратты және қадамдарын анықтама және қолдау бөлімінен қараңыз. Анықтама және
Қолдау бөлімін ашу үшін: Пуск (бастау) түймешігін басып, содан кейін Справка и Поддержка
(Анықтама және қолдау) белгішесін басыңыз.
3. Фото, видео, музыка және басқа жеке файлдар қосқанда, жеке ақпаратыңыздың сақтық көшірмесін
жасап қойыңыз. Егер файлдар қатты дискіден абайсызда жойылып кетсе және қоқыс себетінен
қалпына келтірілмесе немесе файлдар бүлінсе, файлдарды сақтық көшірмесі арқылы қалпына
келтіруге болады. Жүйенің зақымдалуы орын алғанда, жұмыс бекетіңіздің файлдарын қалпына
келтіру үшін сақтық көшіру файлдарын пайдалануыңызға болады. Мәліметтердің сақтық
көшірмесін жасау (24-бет) бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жүйе жұмысы тұрақсыз болған жағдайда, HP сізге қалпына келтіру қадамдарын басып
шығарып, кейін пайдалану үшін сақтап қоюға кеңес береді.
Сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 7 жүйесін жөндеу 23