User's Guide

Мәліметтердің сақтық көшірмесін жасау
ЕСКЕРТПЕ: Windows жүйесінде жұмыс бекетінің қауіпсіздігін жақсартуға арналған User Account
Control (Пайдаланушы тіркелгісін басқару) мүмкіндігі бар. Кейбір тапсырмаларды орындағанда,
пайдаланушы тіреклімін басқарушы сізден рұқсат немесе кұпия сөз талап етуі мүмкін. Тапсырманы
жалғастыру үшін, қажетті опцияны таңдаңыз. Пайдаланушы тіркелімін басқарушы туралы толығырақ
Анықтама және қолдау бөлімінен қараңыз. Пуск (бастау) түймешігін басып, содан кейін Справка и
Поддержка (Анықтама және қолдау) белгішесін басыңыз.
Жүйе орнатылғаннан кейін, бастапқы сақтық көшіруді дереу жасауыңыз қажет. Жаңа бағдарлама мен
деректер файлдарын қосқаннан кейін, орынды сақтық көшіруді қамтамасыз ету үшін жүйені әдепкі
негізде сақтық көшіруді жалғастыруыңыз тиіс
. Бастапқы және одан кейін жасалған сақтық көшірмелер
ақаулық болған жағдайда деректер мен параметрлерді қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ: Көптеген сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру опциялары туралы толық
нұсқаулар алу үшін, осы тақырыптарды Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) бөлімінен іздеңіз.
Анықтама және Қолдау бөлімін ашу үшін: Пуск (бастау) түймешігін басып, содан кейін Справка и
Поддержка (Анықтама және қолдау) белгішесін басыңыз.
Деректеріңіздің сақтық көшірмесін қосымша сыртқы қатты дискке, желі драйверіне немесе дискілерге
сақтауға болады.
Ақпаратыңызыдң сақтық көшірмесін жасау барысында мыналарды ескеріңіз:
Жеке файлдарды құжаттар кітапханасы бөліміне сақтап, олардың сақтық көшірмелерін тұрақты
түрде жасап тұрыңыз.
Қатысты бағдарламаларда сақталған үлгілердің сақтық көшірмелерін жасаңыз.
Параметрлердің экрандағы суреттерін түсіріп алу арқылы терезеде, құралдар тақтасында немесе
мәзірлер тақтасында көрінетін теңшелген параметрлерді сақтаңыз. Экран суретін түсіру
теңшелімдерді қалпына келтіру керек болған жағдайда уақытыңызды үнемдейді.
Дискілерге сақтағанда, дискіні ұядан шығарған соң, әр дисікін нөмірлеңіз.
Windows Backup and Restore (Windows сақтық көшірме және қалпына келтіру) арқылы сақтық көшірме
жасау
ЕСКЕРТПЕ: Сақтық көшірме жасау бір сағаттан астам уақыт алуы мүмкін, ол файл көлемі мен жұмыс
бекеті жылдамдығына байланысты.
1. Іске қосу > Барлық бағдарламалар > Қызмет көрсету > Сақтық көшіру және қалпына келтіру
пәрменін таңдаңыз.
2. Сақтық көшірме жасау бағдарламасын орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындап орнатыңыз.
Жүйені қалпына келтіру
Егер жұмыс бекетінде орнатылған бағдарламаға байланысты ақау пайда болса, жұмыс бекетін алдыңғы
қалпына келтіру нүктесіне қайтару үшін жүйені қалпына келтіру функциясын пайдаланыңыз. Қалпына
келтіру нүктелерін қолмен орнатуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін пайдалану алдында әрқашан осы Жүйені қалпына
келтіру процедурасын орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіре бастау үшін:
24 4-тарау Орнату, сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 7 жүйесін жөндеу