User's Guide
HP қалпына келтіру дискі амалдық жүйе дискілерін қолдану
ЕСКЕРТУ: Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискін пайдалану қатты дискідегі файлдарды
толығымен жояды және қатты дискінің пішімін өзгертеді. Сіздің жұмыс бекеті құрылған және кез-келген
орнатылған файлдар біржола жойылады. Қайта пішімдеу аяқталған кезде, қалпына келтіру процесі
амалдық жүйені, сонымен қатар түпнұсқа драйверлерді қалпына келтіруге көмектеседі. Жүйемен
берілген бағдарламалық құралды http://www.hp.com мекенжайынан жүктеуге болады.
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD және драйвер DVD дискілеріне тапсырыс берсеңіз, осы бөлімде
берілген қадамдарды пайдаланыңыз.
Windows 7 амалдық жйүесінің DVD-і мен драйвер DVD-не тапсырыс беру үшін, HP веб-сайтын қараңыз.
АҚШ-та көмек алу үшін мына сайтты қараңыз: http://www.hp.com/cgi-bin/hpsupport/index.pl. Әлем
бойынша көмек алу үшін, мына сайтты қараңыз: http://www8.hp.com/us/en/contact-hp/ww-contact-
us.html. DVD дискісіне телефон арқылы да тапсырыс беруге болады.
Қалпына келтіруді Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісі арқылы бастау үшін:
ЕСКЕРТПЕ: Қалпына келтіру бірнеше минут алады.
1. Барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Жұмыс бекетін қайта бастаңыз, Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискін оптикалық драйвқа
салыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер жұмыс бекеті DVD дискін ашпаса, жұмыс бекетін қайта бастап, жұмыс бекеті
қосылып жатқанда, Esc пәрменін басыңыз. Іске қосу мәзірін таңдау үшін көрсеткі пернелерін
пайдаланып, еnter пернесін басыңыз. Сол құралдан қосу үшін, қалпына келтіру DVD дискі салынған
жерді көрсеткі пернелерін пайдаланып таңдаңыз. DVD дискін UEFI қосу көздері арқылы ашу
нәтижесінде GPT қосу бөлігі пайда болады. Мирастық қосу көздері арлықы ашу нәтижесінде MBR
қосу бөлігі пайда болады.
3. Сұралған кезде пернетақтадағы кез келген пернені басыңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Операциялық жүйені орнату аяқталғаннан кейін:
1. Windows 7 операциялық жүйесінің DVD дискін алып, жүйе алғаш рет ОЖ ішінде жүктелгеннен кейін
драйвер DVD дискін салыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Драйвер DVD дискісі шартты бағдарламаны жүктейді, содан кейін драйверлерді
жүктеу мүмкіндігін ұсынады.
2. Құрылғыны қосатын драйверлерді орнатыңыз. HP қол жетімді драйверлердің барлығын орнатуға
кеңес береді.
3. Жұмыс бекетімен берілген қолданбаларды http://www.hp.com мекенжайынан жүктей аласыз.
Сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 7 жүйесін жөндеу 27