User's Guide
5 Орнату, сақтық көшірме жасау, қалпына
келтіру және Windows 8
Бұл тарау Windows 8 операциялық жүйесін орнату және жаңарту туралы ақпарат береді. Ол мына
тақырыптарды қамтиды:
●
Қосымша ақпарат
●
Windows 8 операциялық жүйесін орнату
●
Windows 8 жаңартуларын қотару
●
Сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 8 жүйесін жөндеу
ЕСКЕРТУ: Операциялық жүйесін орнату сәтті аяқталғанша компьютерге қосымша құрылғыларды
немесе үшінші тарап құрылғыларын қоспаңыз. Құрылғы қосу қателер тудыруы және операциялық
жүйесінің дұрыс орнатылуына кедергі келтіруі мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Жұмыс бекетіне амалдық жүйені орнатқан соң, BIOS жүйесінің, драйверлердің және
бағдарламалардың ең соңғы нұсқалары орнатылғанын тексеріңіз. Жұмыс станциясын жаңарту (52-бет)
бөлімін қараңыз.
Қосымша ақпарат
Қосымша мәліметтер амалдық жүйені орнатқаннан кейін Анықтама және қолдау арқылы қол жетімді
болады.
Windows 8 операциялық жүйесін орнату
Жұмыс бекетін бірінші рет іске қосқан кезде, операциялық жүйені теңшей аласыз. Интернетке
қосылғанда, Microsoft операциялық жүйеңізді іске қосады. Бұл процесс 15-30 минут алуы мүмкін.
Экрандағы нұсқауларды мұқият орындаңыз.
Жұмыс бекетіңізді HP торабында тіркеуді ұсынамыз, сонда сізге маңызды жаңартуларды, қолдау
сұрақтарын алып отыруға және арнайы ұсыныстарға жазылуға болады.
ЕСКЕРТУ: Бастапқы орнату процесі басталған соң, ПРОЦЕСС АЯҚТАЛҒАНША ЖҰМЫС
СТАНЦИЯСЫН ӨШІРМЕҢІЗ. Бұл процесс барысында жұмыс бекетін өшіру жұмыс бекетінде
орындалып жатқан бағдарламаларды зақымдауы немесе орнатуды дұрыс орындауға кедергі жасауы
мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Windows жүйесінде жұмыс бекетінің қауіпсіздігін жақсартуға арналған User Account
Control (Пайдаланушы тіркелгісін басқару) мүмкіндігі бар. Кейбір тапсырмаларды орындағанда,
пайдаланушы тіреклімін басқарушы сізден рұқсат немесе кұпия сөз талап етуі мүмкін. Тапсырманы
жалғастыру үшін, қажетті опцияны таңдаңыз. Пайдаланушы тіркелімін басқарушы туралы толығырақ
Анықтама және қолдау бөлімінен қараңыз. Бастау экранына справка сөзін жазыңыз, одан кейін
Справка и поддержка (анықтама және қолдау) тармағын таңдаңыз.
28 5-тарау Орнату, сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 8