User's Guide

Windows 8 жаңартуларын қотару
Microsoft корпорациясы операциялық жүйе жаңартуларын шығаруы мүмкін. Жұмыс бекеті жұмысын
оңтайлы күйде сақтау үшін HP компаниясы бастапқы орнату барысында және жұмыс бекеті
жарамдылығының соңына дейін ең соңғы жаңартуларды кезеңді түрде тексеріп отыруды ұсынады.
Жұмыс бекетін орнатқан соң бірден Windows жаңарту бағдарламасын іске қосыңыз.
1. Бастау экранының жоғарғы оң немесе төменгі оң бұрышына жылжып, шебер түймелерді көрсетіңіз.
2. Настройки (Параметрлер) > Изменить настройки PC (ДК параметрлерін өзгерту) > Обновление и
Восстановление
(Жаңартулар және қалпына келтіру) > Windows Обновления (Windows
жаңартулары) тармақтарын таңдаңыз.
Сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 8
жүйесін жөндеу
Жұмыс бекетіңізде HP және Windows компаниясы жабдықтаған ақпаратыңызды қорғайтын және қажет
кезінде алып шығуға болатын аспаптар мен жұмыс жүйесі бар. Бұл аспаптардың қарапайым қадамдары
арқылы жұмыс бекетін қалыпты жұмыс күйіне, тіпті зауыттағы түпнұсқа күйіне қайтаруға болады.
Бұл тарауда төмендегі үрдістер туралы ақпарат беріледі:
Қалпына келтіретін медиа жасау және сақтық көшірмесін жасау
Жүйені жөндеу және қалпына келтіру
ЕСКЕРТПЕ: Жабдықталған аспаптар туралы қосымша ақпаратты анықтама және қолдау бөлімінен
қараңыз. Бастау экранына справка әрпін жазыңыз, одан кейін Справка и поддержка (анықтама және
қолдау) тармағын таңдаңыз.
Жүйе жұмысы тұрақсыз болған жағдайда, HP сізге қалпына келтіру қадамдарын басып шығарып, кейін
пайдалану үшін сақтап қоюға кеңес береді.
Мәліметтердің сақтық көшірмесін жасау
ЕСКЕРТПЕ: Windows жүйесінде жұмыс бекетінің қауіпсіздігін жақсартуға арналған User Account
Control (Пайдаланушы тіркелгісін басқару) мүмкіндігі бар. Кейбір тапсырмаларды орындағанда,
пайдаланушы тіреклімін басқарушы сізден рұқсат немесе кұпия сөз талап етуі мүмкін. Тапсырманы
жалғастыру үшін, қажетті опцияны таңдаңыз. Пайдаланушы тіркелімін басқару туралы ақпарат алу үшін
Бастау экранына справка сөзін жазыңыз, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама және қолдау)
тармағын таңдаңыз.
Жүйе зақымдалғаннан кейінгі қалпына келтірілген мәліметтер соңғы сақтық көшірме жасау алдындағы
күйінде болады. Бастапқы жүйелік параметрлерді орнатқаннан кейін дереу жүйені қалпына келтіру
ақпарат тасығышын жасауыңыз керек. Жаңа бағдарлама мен деректер файлдарын қосқаннан кейін,
орынды сақтық көшіруді қамтамасыз ету үшін жүйені әдепкі негізде сақтық көшіруді жалғастыруыңыз
тиіс. Жүйені қалпына келтіру ақпарат тасушысы жұмыс бекетін іске қосу (жүктеу) және жүйе жұмысы
тұрақсыз немесе ақаулық болғанда операциялық жүйені түзету үшін пайдаланылады. Бастапқы және одан
кейін жасалған сақтық көшірмелер ақаулық болған жағдайда деректер мен параметрлерді қалпына
келтіруге мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ: Көптеген сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру опциялары туралы толық
нұсқаулар алу үшін, осы тақырыптарды Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) бөлімінен іздеңіз.
Анықтама және Қолдау бөлімін ашу үшін: Бастау экранына справка сөзін жазыңыз, одан кейін Справка
и поддержка (анықтама және қолдау) тармағын таңдаңыз.
Windows 8 жаңартуларын қотару 29