User's Guide

Бастау экранына резервная копия (сақтық көшірме) деп жазыңыз, одан кейін Сохранение резервных
копий файлов с помощью истории файлов (Файлдар журналымен бірге файлдардың сақтық
көшірмелерін сақтау) опциясын таңдаңыз.
Деректеріңіздің сақтық көшірмесін қосымша сыртқы қатты дискке немесе желі драйверіне жасауға
болады.
Сақтық көшірме жасау барысында мыналарды ескеріңіз:
Жеке файлдарды құжаттар кітапханасы бөліміне сақтап, олардың сақтық көшірмелерін тұрақты
түрде жасап тұрыңыз.
Басқа қатысты бағдарламаларда сақталған үлгілердің сақтық көшірмелерін жасаңыз.
Параметрлердің экрандағы суреттерін түсіріп алу арқылы терезеде, құралдар тақтасында немесе
мәзірлер тақтасында көрінетін теңшелген параметрлерді сақтаңыз. Экран суретін түсіру
теңшелімдерді қалпына келтіру керек болған жағдайда уақытыңызды үнемдейді.
Windows Backup and Restore (Windows сақтық көшірме және қалпына келтіру) арқылы сақтық көшірме
жасау
ЕСКЕРТПЕ: Файл көлемі мен жұмыс бекеті жылдамдығына байланысты сақтық көшірме жасау бір
сағаттан астам уақыт алуы мүмкін.
1. Бастау экранында резервная копия (сақтық көшірме) деп жазып, көрсетілген опциялар тізімінен
қажетін таңдаңыз.
2. Сақтық көшірме параметрін орнату, жүйелік кескін жасау немесе жүйені қалпына келтіру ақпарат
тасушысын жасау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қалпына келтіретін медиа жасау және сақтық көшірмесін жасау
Бұзылған жүйені жөндеу сақтық көшірме жасағанмен бірдей.
ЕСКЕРТУ: Сыйымдылығы кемінде 8 Гб жад құралын пайдалану керек. USB драйвы жадындағы
ақпарат сақтық медиасы жасалғанға дейін жойылады.
1. Жұмыс бекетінің параметрлерін сәтті орнатқаннан кейін, қалпына келтіру құралын жасаңыз. Бұл
қадамда жұмыс бекетінде қалпына келтіру бөлімінің сақтық көшірмесі жасалады. Оны қатты диск
бүлінгенде немесе ауыстырылғанда түпнұсқа жұмыс жүйесін қайта орнату үшін қолдануға болады.
USB драйвын қолданып, Windows 8 жұмыс бекетін қосу мүмкін болмағанда қолданылатын қалпына
келтіру драйвын жасақтайсыз. USB драйвын амалдық жүйенің түпнұқсасын қайта орнату үшін және
зауытта орнатылған бағдарламаларды қайта орнатуға болады.
ЕСКЕРТУ: Егер Мазмұнды қалпына келтіру бөлігінен қалпына келтіру драйвына көшіру
опциясын таңдасаңыз, Қалпына келтіру медиасын жасақтау аяқталғанда қалпына келтіру бөлігін
жоюға болады. Көптеген жүйелерде бұл бөліктің өлшемі 10 ГБ. HP бұл қалпына келтіру бөлігін
жоймауға кеңес береді. Бөлік жойылса, Windows 8 зауытта жасақталған қалпына келтіру бөлігін USB
драйвы арқылы қатты дискіге көшіру мүмкін болмайды. Драйв алаңын қалпына келтіру бөлігін жою
арқылы босатуға болады, бірақ компьютерді жаңалау немесе қайта орнату мүмкін болмайды.
Қалпына келтіру медиасын жасау үшін, бастау экраны арқылы создание диска
восстановления (қалпына келтіру драйвын жасақтау) деп жазыңыз, одан кейін Создание диска
30 5-тарау Орнату, сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 8