User's Guide
восстановления (Қалпына келтіру драйвын жасақтау) пәрменін басыңыз. Жалғастыру үшін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
2. Құрал немесе бағдарлама қосқанда, жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасақтап қойыңыз. Жүйені
қалпына келтіру нүктесі деген қатты диск мазмұнының белгілі бір уақытта Windows жүйесін
қалпына келтіру қызметі жасаған көшірмесі. Жүйені қалпына келтіру нүктесінде Windows
қолданатын тіркеу реттеулері сияқты ақпарат болады. Windows жүйені қалпына келтіру нүктесін
Windows жаңартулары немесе басқа жүйе жөндеулері кезінде (бағдарлама жаңартулары, қауіпсіздік
тексерулері немесе жүйе диагностикасы) автоматты түрде жасайды. Жүйені қалпына келтіру
нүктесін кез-келген уақытта қолмен жасауға да болады. Жүйені қалпына келтіру нүктесі туралы
қосымша ақпаратты және қадамдарын Windows анықтама және қолдау бөлімінен қараңыз. Бастау
экранына
справка әрпін жазыңыз, одан кейін Справка и поддержка (анықтама және қолдау)
тармағын таңдаңыз.
3. Фото, видео, музыка және басқа жеке файлдар қосқанда, жеке ақпаратыңыздың сақтық көшірмесін
жасап қойыңыз. Windows Файл реттегішін кітапханалар, жұмыс үстелі, контактілер мен
таңдаулылардан тұрақты және автоматты түрде сақтық көшірме жасайтын етіп орнатуға болады.
Егер файлдар қатты дискіден абайсызда жойылып кетсе және қоқыс себетінен қалпына келтірілмесе
немесе файлдар бүлінсе, файлдарды Файл тарихы арқылы қалпына келтіруге болады. Файлдарды
қалпына келтіру де пайдалы, егер жұмыс бекетін Windows жүйесін қайта орнату арқылы қайта
реттесеңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Файл тарихы компьютердің бастапқы күйінде қосылмаған, сондықтан оны қосу
керек.
Windows файл тарихы туралы қосымша ақпаратты және қосу қадамдарын Windows анықтама және
қолдау бөлімінен қараңыз. Бастау экранына справка әрпін жазыңыз, одан кейін Справка и
поддержка (анықтама және қолдау) тармағын таңдаңыз.
Windows 8 аспаптарын қолдаынп қалпына келтіру
Windows қалпына келтіру аспаптары жүйені қалпына келтірудің бірнеше опциясын ұсынады. Жағдайға
және тәжірибеңізге сай әдісті таңдаңыз:
●
Егер жеке файлдар мен деректерді қалпына келтіру қажет болса, Windows файл тарихы қызметін
қолданып, жасақталған сақтық көшірмелерінен қалпына келтіруге болады. Windows файл тарихы
туралы қосымша ақпаратты және қолдану қадамдарын Windows анықтама және қолдау бөлімінен
қараңыз. Бастау экранына справка әрпін жазыңыз, одан кейін Справка и поддержка (анықтама
және қолдау) тармағын таңдаңыз.
●
Жүйені қандай да бір жеке ақпаратты жоғалтпастан алдыңғы күйге қайтару үшін Windows жүйесін
қалпына келтіру опциясы қолданылады. Жүйені қалпына келтіру Windows жүйесін қайта жаңартуды
немесе қайта орнатуды талап етпестен қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Windows жүйені
қалпына келтіру нүктелерін Windows жаңартулары немесе басқа жүйені жөндеу жұмысы кезінде
автоматты түрде жасайды. Қалпына келтіру нүктесін қолмен жасамасаңыз да, автоматты түрде
жасақталған нүктеге қайтаруды таңдауыңызға болады. Windows жүйесінің қалпына келтіру қызметі
туралы қосымша ақпаратты және қосу қадамдарын Windows анықтама және қолдау бөлімінен
қараңыз. Бастау экранына справка әрпін жазыңыз, одан кейін Справка и поддержка (анықтама
және қолдау
) тармағын таңдаңыз.
●
Егер сізге жеке ақпаратыңызды, параметрлерді немесе жұмыс бекетіне алдын ала орнатылған немесе
Windows дүкенінен сатып алынған қолданбаларды жоғалтпай жылдам әрі оңай қалпына келтіру
керек болса, Windows Refresh опциясын қолданып көріңіз. Бұл әдіс деректерді басқа драйвқа сақтық
көшіруді қажет етпейді. Windows 8 жаңалау функциясын қолдану (32-бет) бөлімін қараңыз.
●
Егер жұмыс бекетін бастапқы күйіне қайтару қажет болса, Windows Reset барлық жеке деректер,
қолданбалар және параметрлерді оңай алып, Windows жүйесін қайта орнату жолын ұсынады. Reset
Сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 8 жүйесін жөндеу 31