User's Guide
Windows 8 қалпына келтіру USB флэш драйвын қолданып қалпына келтіру
ЕСКЕРТУ: F11 пайдалану қатты дисктегі файлдарды толығымен жояды және қатты дисктің пішімін
өзгертеді. Сіздің жұмыс бекеті құрылған және кез-келген орнатылған файлдар біржола жойылады. F11
қалпына келтіру құралы зауытта орнатылған амалдық жүйені және HP бағдарламалары мен драйверлерін
қайта орнатады. Барлық басқа бағдарламаларды қайта орнату қажет болады.
Өзіңіз жасақтаған қалпына келтіру USB драйвы арқылы жүйен қалпына келтіру үшін:
ЕСКЕРТПЕ: Сақтық USB драйвын жасақтамасаңыз немесе ол жұмыс істемесе, Windows 8 қалпына
келтіру медиасын қолданып қалпына келтіру (35-бет) тарауын қараңыз.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдарды көшіріңіз.
2. USB флэш жадын жұмыс бекетінің USB портына қосыңыз.
3. Жұмыс бекетін қайта бастаңыз және HP лого экраны көрсетілгенде, F9 пернесін басып, қосу
құралдарының тізімін шығарыңыз. Жебе пернелерін қолданып, USB драйвын UEFI қосу көздерінің
тізімінен таңдаңыз. enter пернесін қосыңыз.
4. Пернетақтаның орналасу күйін таңдаңыз.
5. Ақаулықтады жою бөлімін таңдаңыз.
6. Компьютерді жаңалау пәрменін таңдаңыз.
7. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
34 5-тарау Орнату, сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 8