User's Guide
Windows 8 қалпына келтіру медиасын қолданып қалпына келтіру
Бұл үрдіс Windows 8 қалпына келтіру дискін қажет етеді және оны қолдау веб-торабы арқылы алдыруға
болады. Windows 8 қалпына келтурі медиасы Windows 8 амалдық жүйе дискі мен Windows 8 драйвер
дискісінен тұрады.
АҚШ-та көмек алу үшін мына сайтты қараңыз: http://www.hp.com/support. Әлем бойынша көмек алу
үшін, мына сайтты қараңыз: http://www8.hp.com/us/en/contact-hp/ww-contact-us.html. Ақпарат
тасушыға қоңырау арқылы қолдау қызметі арқылы да тапсырыс бере аласыз.
ЕСКЕРТУ: Windows 8 амалдық жүйесі медиасын пайдалану қатты дискідегі файлдарды толығымен
жояды және қатты дискінің пішімін өзгертеді. Сіздің жұмыс бекеті құрылған және кез-келген орнатылған
файлдар біржола жойылады. Қайта пішімдеу аяқталған кезде, қалпына келтіру процесі амалдық жүйені,
сонымен қатар драйверлерді, бағдарламалық құралдарды және қызметтік бағдарламаларды қалпына
келтіруге көмектеседі.
Қалпына келтіруді Windows 8 амалдық жүйесінің дискісі арқылы бастау үшін:
ЕСКЕРТПЕ: Амалдақы жүйе дискісін жүктеу үшін бірнеше минут қажет болады.
1. Жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Жұмыс бекетін қайта іске қосып, операциялық жүйені орнату үшін Windows 8 операциялық жүйесі
ақпарат тасушысымен берілген нұсқауларды орындаңыз.
3. Сұралған кезде пернетақтадағы кез келген пернені басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер жұмыс бекеті DVD дискін ашпаса, жұмыс бекеті қосылып жатқанда Бастау
мәзірін көру үшін жұмыс бекетін қайта бастап, Esc түймесін басыңыз. Бастау мәзірін таңдау үшін
көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз, одан кейін еnter пернесін басыңыз. Сол құралдан қосу үшін,
қалпына келтіру DVD дискі салынған жерді көрсеткі пернелерін пайдаланып таңдаңыз. DVD дискін
UEFI қосу көздері арқылы ашу нәтижесінде GPT қосу бөлігі пайда болады. Мирастық қосу көздері
арлықы ашу нәтижесінде MBR қосу бөлігі пайда болады. Windows 8 жүйесінің барлық функцияларын
қолдану үшін, Windows 8 жүйесін UEFI қосу көздері арқылы бастаған дұрыс.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жөндеу аяқталып, Windows 8 жұмыс үстелі көрінгенде:
1. Windows 8 амалдық жүйесі медиасын алып, драйвер дискін енгізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Драйвер дискісі шартты бағдарламаны жүктейді, содан кейін драйверлер мен
қолданбаларды жүктеу мүмкіндігін ұсынады.
2. Алдымен құрылғыны қсатын драйверлерді орнатыңыз. HP қол жетімді драйверлердің барлығын
орнатуға кеңес береді.
3. Жұмыс бекетімен берілетін қолданбаларды http://www.hp.com мекенжайынан жүктей аласыз.
Сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 8 жүйесін жөндеу 35