User's Guide
6 Орнату, сақтық көшірме жасау, қалпына
келтіру және Windows 10 жүйесін жөндеу
Бұл тарау Windows 10 операциялық жүйесін орнату және жаңарту туралы ақпарат береді. Ол мына
тақырыптарды қамтиды:
●
Бағдарламаны белсендіру және теңшеу
●
Жұмыс станциясын өшіру
●
Толығырақ ақпарат іздеу
●
Мәселелер орын алса
Бағдарламаны белсендіру және теңшеу
Қосымша мәліметтер операциялық жүйені орнатқаннан кейін онлайн анықтамада қол жетімді болады.
ЕСКЕРТПЕ: Қажетті желдетуді қамтамасыз ету үшін жүйелік блок пен монитор үстінде 10,2 cм (4-
дюйм) бос орын бар екеніне көз жеткізіңіз.
Windows операциялық жүйесін бастапқы орнату
Жұмыс станциясын бірінші рет қосқанда операциялық жүйе автоматты түрде орнатылады. Бұл үрдіске
5-10 минут қажет болады. Windows бастапқы орнатуын аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды мұқият оқып,
орындаңыз.
Операциялық жүйе орнату барысында планшетіңізді HP торабында тіркеуді ұсынамыз, сонда сізге
маңызды жаңартуларды, қолдау сұрақтарын алып отыруға және арнайы ұсыныстарға жазылуға болады.
ЕСКЕРТУ: Орнату процесі басталғаннан кейін ПРОЦЕСС АЯҚТАЛМАЙЫНША ЖҰМЫС
СТАНЦИЯСЫН ӨШІРМЕҢІЗ. Бұл орнату процесс барысында жұмыс станциясын өшіру жұмыс
бекетінде орындалып жатқан бағдарламаларды зақымдауы немесе орнатуды дұрыс орындауға кедергі
жасауы мүмкін.
Монитор дисплейін реттеу
Қаласаңыз, монитор жаңарту жиілігін, экран ажыратымдылығын, түс параметрлерін, қаріп өлшемдерін
және қуатты басқару параметрлерін таңдауға немесе өзгертуге болады.
Қосымша ақпарат алу үшін графиканы басқару бағдарламасымен бірге берілетін желілік құжаттаманы
немесе монитормен бірге келген құжаттаманы қараңыз.
▲
Windows жұмыс үстелін тінтуірдің оң жақ түймесімен басып, дисплей параметрлерін өзгерту үшін
Жекелеу немесе Экран ажыратымдылығы түймесін басыңыз.
– немесе –
Іске қосу белгішесін, Парамертрлер белгішесін, содан кейін Жекелеу белгішесін басыңыз.
36 6-тарау Орнату, сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 10 жүйесін жөндеу