User's Guide

Техникалық қолдау қызметіне хабарласу алдында
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жұмыс станциясы айнымалы ток қуат көзіне қосылған кезде жүйелік тақтаға үнемі
кернеу беріледі. Электр тогының соғуы және/немесе ыстық беттерден күйік алу қаупін азайту үшін электр
розеткасынан қуат сымын ажыратыңыз және тию алдында ішкі жүйе құрамдастарын суытыңыз.
Жұмыс станциясында ақаулар болса, техникалық қолдау қызметіне хабарласу алдында нақты мәселені
бөлектеу үшін алдыңғы бөлімдерде сипатталған және төмендегі қорытындыланған шешімдерді қолданып
көріңіз.
Жұмыс станциясының алдындағы қуат индикаторы жыпықтап тұрғанын және
жыпылықтамайтынын тексеріңіз немесе жұмыс станциясынан шығатын дыбыстық сигналдар
сериясын тыңдаңыз
. Индикатордың жыпықтауы және/немесе дыбыстық сигналдар мәселені
диагностикалауға көмектеседі. Қосымша ақпарат алу үшін Maintenance and Service Guide
(Техникалық күтім және қызмет көрсету нұсқаулығы) (тек ағылшын тілінде) құжатын қараңыз.
Егер экран бос болса, бар болған жағдайда мониторды жұмыс станциясының басқа бейне портына
қосыңыз. Не болмаса мониторды дұрыс жұмыс істейтін монитормен ауыстырыңыз.
Желіде жұмыс істеп жатсаңыз:
Жұмыс станциясын желіге қосу үшін басқа желілік кабельді қолданыңыз.
Желіге басқа жұмыс станциясын басқа кабельмен қосыңыз.
Ақауыңыз шешілмесе, жұмыс станциясындағы желілік ұяшық немесе қабырғадағы желілік ұяшық
ақаулығы болуы мүмкін.
Жақында жаңа құрылғы қосқан болсаңыз, ол құрылғыны алып тастаңыз.
Жақында жаңа бағдарламалық құрал орнатқан болсаңыз, оны жойыңыз.
Жан-жақты онлайн техникалық қолдауды http://www.hp.com/support мекенжайынан алуға да
болады.
Жұмыс станциясы іске қосылса, бірақ операциялық жүйе жүктелмесе, «pre-boot» диагностикалау
бағдарламасын, HP PC Hardware Diagnostics (HP ДК құралын диагностикалау) мүмкіндігін пайдалана
аласыз.
Егер жұмыс станциясы операциялық жүйеге жүктелсе, ол жерде мәселелерді өздігінен шешу
диагностикасын және желіде сөйлесу мүмкіндіктерін беретін екі құрал болуы мүмкін (егер
Интернетке қосылған болса).
Егер сізде HP Support Assistant бағдарламасы болса, оны Бастау экранындағы HP Support
Assistant бағдарламасын екі рет басу, Компьютер түймешігін, сосын Диагностика белгішесін
басу арқылы аша аласыз.
Ал HP Support Assistant бағдарламасы орнатылған болмаса, HP Instant Support Professional
Edition бағдарламасын http://www.hp.com/go/ispe мекенжайынан аша аласыз.
Онлайн қолдау туралы ең соңғы мәліметтерді, бағдарламаларды және драйверлерді алу, ескертулерді оқу
және пайдаланушылар мен HP мамандарының дүниежүзілік бірлестігімен сөйлесу үшін Business Support
Center (BSC) қолдау орталығына http://www.hp.com/go/bizsupport мекенжайы бойынша кіріңіз.
Жан-жақты онлайн техникалық қолдауды http://www.hp.com/support мекенжайынан алуға болады.
Егер техникалық қолдау қызметіне хабарласу қажет болса, қоңырауыңыздың дұрыс өңделуін қамтамасыз
ету үшін келесі әрекеттерді орындауға дайын болыңыз:
Мәселелер орын алса 39