User's Guide
●
Қоңырау шалғанда жұмыс станциясының алдында болыңыз.
●
Қоңырау шалмас бұрын өнім идентификациялық нөмірін, жұмыс станциясы мен монитордың
сериялық нөмірлерін және мүмкін болса, диагностикалау арқылы жасалған ақаулық
иденификаторын жазып алыңыз.
●
Мәселені шешкенде қызмет көрсету маманының жанында болыңыз.
●
Жүйеге жақында қосылған бүкіл жабдықты алып тастаңыз.
●
Жақында орнатылған барлық бағдарламаларды жойыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сатылымдар мен кепілдік жаңартулары туралы мәліметтерді (HP күтім жинағы)
жергілікті уәкілетті қызмет көрсетушіден немесе дилерден алуға болады.
Windows 10 жүйесінде сақтық көшірме жасау, қайта сақтау және қалпына келтіру
Бұл бөлімде келесі процестер туралы ақпарат беріледі. Бөлімдегі ақпарат өнімдердің көбі үшін
стандартты процедура болып есептеледі.
●
Қалпына келтіретін медиа жасау және сақтық көшірмесін жасау
●
Жүйені жөндеу және қалпына келтіру
Қосымша ақпарат алу үшін «Анықтама және қолдау» бөліміне өтіңіз.
▲
Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесінде анықтама сөзін теріп, Анықтама және қолдау
тармағын таңдаңыз.
Қалпына келтіру құралы мен сақтық көшірмелер жасау
Қалпына келтіру медиасын және сақтық көшірмелер жасаудың келесі әдістерді тек таңдаулы өнім
үлгілерінде ғана қолдануға болады. Жұмыс станциясының моделі бойынша қолжетімді әдісті таңдаңыз.
●
Жұмыс станциясын сәтті орнатқаннан кейін HP қалпына келтіру тасығышын жасау үшін HP Recovery
Manager пайдаланыңыз. Бұл қадамда жұмыс станциясындағы HP қалпына келтіру бөлімінің сақтық
көшірмесі жасалады. Сақтық көшірмені қатты диск бүлінген немесе ауыстырылған жағдайларда
бастапқы амалдық жүйені қайта орнату үшін қолдануға болады. Қалпына келтіру медиасын жасау
туралы ақпаратты НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы өнімдер) (40-бет)
бөлімінен қараңыз. Қалпына келтіру медиасы көмегімен қол жетімді қалпына келтіру мүмкіндіктері
туралы қосымша ақпаратты Windows құралдарын пайдалану (42-бет) бөлімінен қараңыз.
●
Windows құралдарын жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктелерін және жеке мәліметтердің сақтық
көшірмесін жасау үшін пайдаланыңыз.
Қосымша ақпаратты HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (42-бет) бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер сақтау орны 32 ГБайт немесе одан төмен болса, Microsoft жүйесін қалпына келтіру
құралы әдепкі бойынша ажыратылған болады.
НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы өнімдер)
Мүмкін болса, Қалпына келтіру бөлімінің және Windows бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз. Бастау мәзірінен
File Explorer белгішесін таңдаңыз.
●
Егер жұмыс станциясында Windows немесе Қалпына келтіру бөлімі болмаса көрсетілмесе, қолдау
орталығынан жүйеңізге арналған қалпына келтіру медиасын алуға болады. Осы жұмыс
станциясымен бірге берілген Worldwide Telephone Numbers (Дүниежүзілік қызмет көрсету
телефондары) кітапшасын қараңыз. Әрі байланыс ақпаратын HP веб-торабында табуға болады.
http://www.hp.com/support мекенжайына өтіп, ел немесе аймақты таңдаңыз және экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
40 6-тарау Орнату, сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 10 жүйесін жөндеу