User's Guide
Жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау және жеке мәліметтердің сақтық көшірмелерін жасау
үшін Windows құралдарын пайдалануға болады, Windows құралдарын пайдалану (42-бет) бөлімін
қараңыз.
●
Егер жұмыс станциясында Recovery немесе Windows бөлімі болмаса, жұмыс станциясын сәтті түрде
орнатқаннан кейін қалпына келтіру медиасын жасау үшін HP Recovery Manager құралын
пайдаланыңыз. HP Recovery құралын қатты диск бүлінген жағдайда жүйені қалпына келтіру үшін
қолдануға болады. Жүйені қалпына келтіру зауытта орнатылған бастапқы операциялық жүйесін
және бағдарламалық жасақтаманы қайта орнатады және бағдарламалардың баптауларын теңшейді.
HP Recovery құралын жүйе параметрлерін бейімдеуге немесе қатты дискіні ауыстырғанда зауыттық
кескінді қалпына келтіруге қолдануға болады.
○
Қалпына келтіру дискілерінің тек қана бір жинағын жасауға болады. Бұл қалпына келтіру
құралдарын қолданғанда сақ болып, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз.
○
HP Recovery Manager жұмыс станциясын тексеріп, медиа құралындағы қажет сақтау көлемін
анықтайды.
○
Қалпына келтіру дискілерін жасау үшін жұмыс станциясында DVD дискілерін жазу мүмкіндігі
бар оптикалық дискенгізгі болуы керек және тек жоғары сапалы бос DVD-R, DVD+R, DVD-R DL
немесе DVD+R DL дискілерін пайдалану керек. CD±RW, DVD±RW, қос қабатты DVD±RW
дискілерін немесе BD-RE (қайта жазуға арналған Blu-ray) сияқты қайта жазуға болатын
дискілерді пайдаланбаңыз; олар HP Recovery Manager бағдарламалық құралымен үйлеспейді.
Не болмаса, оның орнына жоғары сапалы бос USB флэш картасын қолдануға болады.
○
Егер жұмыс станциясында DVD дискілеріне жазу мүмкіндігі бар кірістірілген оптикалық диск
жетегі болмаса, бірақ DVD қалпына келтіру медиасын жасағыңыз келсе, қалпына келтіру
дискілерін жасау үшін сыртқы оптикалық диск жетегін (бөлек сатып алынады) пайдалануға
болады. Сыртқы оптикалық дискісін қолдансаңыз, ол жұмыс станциясындағы USB портына
тікелей жалғануы керек. диск жетегін USB хабы сияқты сыртқы құрылғыдағы USB портына
жалғауға болмайды. Егер өзіңіз DVD тасығышын жасай алмасаңыз, HP компаниясынан жұмыс
станциясын қалпына келтіру дискілерін алуға болады. Осы жұмыс станциясымен бірге
берілген Worldwide Telephone Numbers (Дүниежүзілік қызмет көрсету телефондары)
кітапшасын қараңыз. Әрі байланыс ақпаратын HP веб-торабында табуға болады.
http://www.hp.com/support мекенжайына өтіп, ел немесе аймақты таңдаңыз және экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
○
Қалпына келтіру құралдарын жасамай тұрып, жұмыс станциясының айнымалы ток көзіне
жалғанғанын тексеріңіз.
○
Дискілерді жасау процесі бір сағаттай уақыт алуы мүмкін. Дискілерді жасау процесін
тоқтатпаңыз.
○
Қажет болса, барлық қалпына келтіру DVD дискілерінің жасалуы аяқталғанға дейін
бағдарламадан шығуға болады. HP Recovery Manager ағымдағы DVD дискісіне жазуды
аяқтайды. HP Recovery Manager бағдарламасын келесіде іске қосқан кезде жалғастыру
сұралады.
HP Recovery құралын жасау үшін:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесінде қалпына келтіру сөзін теріп, HP Recovery Manager
тармақтарын таңдаңыз.
2. Сұралса, бағдарламаға жалғастыру рұқсатын беру үшін Иә түймесін басыңыз.
3. Қалпына келтіру тасығышын жасау тармағын таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіру қажет бола қалса, HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (42-бет)
бөлімін қараңыз.
Мәселелер орын алса 41