User's Guide

Windows құралдарын пайдалану
Windows құралдары арқылы қалпына келтіру медиасын, жүйені қалпына келтіру нүктелерін және жеке
ақпаратыңыздың сақтық көшірмелерін жасауға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Егер сақтау орны 32 ГБайт немесе одан төмен болса, Microsoft жүйесін қалпына келтіру
құралы әдепкі бойынша ажыратылған болады.
Қосымша ақпаратты және нұсқауларды алу үшін Анықтама және қолдау бағдарламасын қараңыз.
Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесінде анықтама сөзін теріп, Анықтама және қолдау тармағын
таңдаңыз
.
Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру
Жүйені қалпына келтірудің бірнеше опциясы бар. Жағдайыңызға ең сәйкес келетін әдіс пен шеберлік
деңгейін таңдаңыз:
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Әдістердің барлығы да барлық өнімдерде қолжетімді емес.
Windows қосымша көшірмелерді қалпына келтіру, жұмыс станциясын жаңарту және жұмыс
станциясын түпнұсқалық күйіне келтірудің бірнеше опцияларын ұсынады. Қосымша ақпарат алу
үшін Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) тармағын қараңыз.
Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесінде анықтама сөзін теріп, Анықтама және қолдау
тармағын таңдаңыз.
Алдын ала орнатылған қолданба немесе драйвер мәселесін шешу қажет болса, жекелеген
қолданбаны немесе драйверді қайта орнату үшін HP Recovery Manager бағдарламасының
Драйверлерді және/немесе қолданбаларды қайта орнату опциясын (тек өнімдерді таңдау)
пайдаланыңыз.
Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесінде recovery деп теріп, HP Recovery Manager
бағдарламасын таңдаңыз да, Драйверлерді және/немесе қолданбаларды қайта орнату
параметрін таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Планшеттің Windows бөлімін бастапқы зауыттық мазмұнына қалпына келтіру керек болса, HP
Recovery бөліміндегі (тек таңдаулы өнімдерде) жүйені қалпына келтіру опциясын таңдауға немесе
HP Recovery медиа құралын пайдалануға болады. Қосымша ақпаратты HP Recovery Manager арқылы
қалпына келтіру (42-бет) бөлімінен қараңыз. Қалпына келтіру медиа құралы жасалмаған болса, НР
қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы өнімдер) (40-бет) бөлімін қараңыз.
Таңдаулы өнімдерде, жұмыс станциясының бастапқы зауыттық бөлімі мен мазмұнын қалпына
келтіру керек болса немесе қатты диск ауыстырылса, HP қалпына келтіру медиа құралының
зауыттық параметрлерге келтіру опциясын пайдалануға болады. Қосымша ақпаратты HP Recovery
Manager арқылы қалпына келтіру (42-бет) бөлімінен қараңыз.
Таңдаулы өнімдерде, егер қатты диск орнын босату үшін қалпына келтіру бөлімін жойғыңыз келсе,
HP Recovery Manager бағдарламасы Remove Recovery Partition (Қалпына келтіру бөлімін жою)
опциясын ұсынады.
Қосымша ақпаратты HP қалпына келтіру бөлшегін алу (таңдаулы өнімдерде ғана) (44-бет)
бөлімінен қараңыз.
HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру
HP Recovery Manager бағдарламасы жасалған немесе HP компаниясынан алған HP қалпына келтіру
медиасын пайдаланып немесе HP қалпына келтіру бөлімі (тең таңдаулы өнімдерде) арқылы жұмыс
станциясын бастапқы зауыттық күйіне келтіру мүмкіндігін береді. Қалпына келтіру медиа құралы
42 6-тарау Орнату, сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 10 жүйесін жөндеу