User's Guide
жасалмаған болса, НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы өнімдер) (40-бет) бөлімін
қараңыз.
Жұмысқа кіріспес бұрын маңызды ақпаратпен таңысу қажет.
●
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы тек зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды
қалпына келтіреді. Бұл жұмыс станциясымен берілмеген бағдарламаларды не өндіруші вебсайтынан
немесе өндіруші жабдықтаған тиісті медиадан жүктеп алуыңыз керек.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: HP қалпына келтіру менеджері жұмыс станциясы ақаулықтарын жоятын
соңғы әрекет болып табылады.
●
HP Recovery құралы жұмыс станциясының қатты дискісінде ақау болғанда қолданылуы керек.
Қалпына келтіру медиа құралы жасалмаған болса, НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек
таңдаулы өнімдер) (40-бет) бөлімін қараңыз.
●
Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру опциясын қолдану үшін (тек таңдаулы өнімдерде) HP
қалпына келтіру медиа құралын пайдалану керек. Қалпына келтіру медиа құралы жасалмаған болса,
НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы өнімдер) (40-бет) бөлімін қараңыз.
●
Егер жұмыс станциясында НР қалпына келтіру медиасын жасау мүмкін болмаса немесе HP қалпына
келтіру медиа құралы жұмыс істемесе, қалпына келтіру медиасын қолдау қызметінен алуға болады.
Осы жұмыс станциясымен бірге берілген Worldwide Telephone Numbers (Дүниежүзілік қызмет
көрсету телефондары) кітапшасын қараңыз. Байланыс ақпаратын HP веб-сайтынан да қарауға
болады. http://www.hp.com/support мекенжайына өтіп, ел немесе аймақты таңдаңыз және экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: HP Recovery Manager жеке деректеріңіздің сақтық көшірмелерін автоматты
түрде қамтамасыз етпейді. Қалпына келтіруді бастау алдында сақтау керек бүкіл жеке деректердің сақтық
көшірмесін жасаңыз.
HP Recovery медиа құралының көмегімен төмендегі қалпына келтіру опцияларының бірін таңдауға
болады:
ЕСКЕРТПЕ: Жұмыс станциясында қолданылатын мүмкіндіктер қалпына келтіру процесін бастаған
кезде көрсетіледі.
●
Жүйені қалпына келтіру — Бастапқы амалдық жүйені қалпына келтіріп, зауытта орнатылған
бағдарламалардың параметрлерін реттейді.
●
Зауыттық параметрлерді қайтару — жұмыс станциясын қатты дискіден барлық ақпаратты жойып,
бөлімдерді қайта жасау арқылы түпнұсқалық бастапқы зауыттық күйіне қалпына келтіреді. Содан
кейін, амалдық жүйе мен зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қайта орнатады.
HP Recovery бөлімі (тек таңдаулы өнімдерінде) тек Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін береді.
HP Recovery бөлімін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
HP Recovery бөлімі қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру USB флэш-жадын пайдаланбастан
Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін береді. Қалпына келтірудің бұл түрін тек қатты диск жұмыс істеп
тұрғанда пайдалану мүмкін болады.
HP Recovery Manager бағдарламасын HP Recovery бөлімінен іске қосу үшін:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесінде recovery деп теріп, Қалпына келтіру басқарушысы,
содан кейін HP қалпына келтіру ортасы тармағын таңдаңыз.
– немесе –
Мәселелер орын алса 43