User's Guide

Жұмыс станциясы жүктелген кезде f11 пернесін басыңыз немесе қуат түймешігін басқан кезде f11
пернесін басып ұстап тұрыңыз.
2. Жүктеу опцияларының мәзірінен Устранение неполадок (Ақаулықтарды жою) тармағын таңдаңыз.
3. Қалпына келтіру реттеушісі бөлімін, Жүйені қалпына келтіру бөлімін таңдаңыз, содан кейін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қалпына келтіру үшін HP Recovery құралын пайдалану
Бастапқы жүйені қалпына келтіру үшін, HP Recovery құралын қолдануға болады. Бұл әдісті жүйеңізде HP
Recovery бөлімі болмаған немесе қатты диск дұрыс жұмыс істемеген жағдайда қолдануға болады.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. НР қалпына келтіру медиа дискісін салып, жұмыс станциясын өшіріп қайта бастаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жұмыс станциясы HP Recovery Manager бағдарламалық құралын автоматты түрде
қайта қоспаса, компьютердің жүктелу тәртібін өзгертіңіз. Жұмыс станциясының жүктелу тәртібін
өзгерту (44-бет) бөлімін қараңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жұмыс станциясының жүктелу тәртібін өзгерту
Егер жұмыс станциясы HP Recovery Manager бағдарламасында қайта басаталмаса, жұмыс станциясын
жүктеу ретін өзгерту қажет. Бұлжұмыс станциясын жүктеу ақпаратын іздейтін BIOS ішінде тізілген
құрылғылардың реті. Таңдауды оптикалық диск жетегіне немесе USB флэш жадына өзгертуге болады.
Жүктелу ретін өзгерту үшін:
1. HP қалпына келтіру медиа құралын енгізіңіз.
2. BIOS жүйесіне кіріңіз.
Жүктеу опцияларын көрсету үшін жұмыс станциясын өшіріп қайта бастаңыз және esc пернесін тез
басып қалып, f9 пернесін басыңыз.
3. Жүктегіңіз келетін оптикалық дискіні немесе USB флэш-дискісін таңдаңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP қалпына келтіру бөлшегін алу (таңдаулы өнімдерде ғана)
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы қатты дискіден орын босату үшін HP Recovery бөлімін
жоюға мүмкіндік береді.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: HP Recovery бөлімін жойғаннан кейін жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін
орындай алмайсыз немесе HP Recovery бөлімінен HP қалпына келтіру медиасын жасай алмайсыз.
Қалпына келтіру бөлімін жоймас бұрын, HP Recovery медиа құралын жасаңыз; НР қалпына келтіру медиа
құралдарын жасау (тек таңдаулы өнімдер) (40-бет) бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қалпына келтіру бөлімін жою опциясы осы функцияны қолдайтын өнімдерде ғана қол
жетімді.
HP Recovery бөлімін жою үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесінде қалпына келтіру сөзін теріп, HP Recovery Manager
тармақтарын таңдаңыз.
2. Remove Recovery Partition (Қалпына келтіру бөлімін жою) параметрін таңдаңыз да, жалғастыру
үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
44 6-тарау Орнату, сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және Windows 10 жүйесін жөндеу