User's Guide
7 Linux жүйесін орнату және қалпына
келтіру
HP компаниясы HP жұмыс бекеті тұтынушыларына көптеген Linux шешімдерін ұсынады:
●
HP компаниясы Red Hat
®
кәсіпкерлік Linux (RHEL) жүйесін HP жұмыс бекеттерінде қолдайды.
●
HP компаниясы SUSE Linux кәсіпкерлік жұмыс үстелі (SLED) жүйесін HP жұмыс бекеттерінде
қолдайды.
●
HP компаниясы HP жұмыс бекеттерінде Canonical Ubuntu куәландырады және қолдайды.
●
HP компаниясы SLED 11 алдын-ала жүктеулерін кейбір Z сериялы жұмыс бекеттерінде ұсынады.
●
HP компаниясы Ubuntu алдын-ала жүктеулерін кейбір Z сериялы жұмыс бекеттерінде ұсынады.
Бұл тарау Linux амалдық жүйесін орнату және қалпына келтіруді сипаттайды. Ол мына тақырыптарды
қамтиды:
●
Linux жүйесіне арналған HP орнату жинағы (HPIKL)
●
Red Hat кәсіпкерлік Linux жүйесін орнату
●
SUSE Linux кәміптік жұмыс үстелін орнату (SLED)
●
Ubuntu орнату
●
Меншіктік графика драйверлері
ЕСКЕРТПЕ: Амалдық жүйесін орнатқан соң, BIOS жүйесінің, драйверлердің және бағдарламалардың
жаңартылған нұсқалары орнатылғанын тексеріңіз. Жұмыс станциясын жаңарту (52-бет) бөлімін
қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Жұмыс жүйесін орнату сәтті аяқталғанша компьютерге қосымша құрылғыларды немесе
үшінші тарап құрылғыларын қоспаңыз. Құрылғы қосу қателер тудыруы және жұмыс жүйесінің дұрыс
орнатылуына кедергі келтіруі мүмкін.
Linux жүйесіне арналған HP орнату жинағы (HPIKL)
HP Installer Kit for Linux (Linux HP орнату жинағы) қолданушыларға жұмыс бекетіне RHEL, SLED немесе
Ubuntu жүйелерінің сертификатталған нұсқасын орнатуға көмектеседі. Жинақ барлық HP жұмыс
бекеттерінің амалдық жүйесінде жабдықталған.
●
Жинақта HP жұмыс бекетінде дұрыс жұмыс істеу үшін RHEL, SLED немесе Ubuntu жүйелеріндегі
драйвердерді жақсарту және/немесе ауыстыруға арналған және сынақтан өткен драйверлер бар.
●
Жинақ пайдаланушы жеткізуі керек Linux амалдық жүйесін қамтымайды. Коммерциялық Linux
таратулары Red Hat және SUSE сияқты өндірушілерден сатып алу үшін қол жетімді. Басқа әр түрлі
Linux таратулары тегін қол жетімді (мысалы, Ubuntu). Қолдауы бар конфигурациялар мен жұмыс
жүйелерін мына сайттан қараңыз: http://www.hp.com/support/linux_hardware_matrix.
HPIKL oпциясы FreeDOS алдын-ала жүктеуін қамтуы мүмкін. Бұл жұмыс жүйесі Linux таратулары бар
немесе RHEL, SLED немесе Ubuntu сертификатталған нұсқалары бар немесе HP-ұсынылған драйвер
қосымшаларын орнатқысы келетіндер үшін ыңғайлы.
Linux жүйесіне арналған HP орнату жинағы (HPIKL) 45