User's Guide
UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу
1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз. HP PC Diagnostics басты беті
көрсетіледі.
2. HP PC Hardware Diagnostics бөліміндегі Загрузка (Жүктеу) сілтемесін басып, Выполнить (Орындау)
пәрменін таңдаңыз.
Белгілі бір өнімге арналған кез келген UEFI нұсқасын жүктеп алу
1. http://www.hp.com/support веб-торабына өтіңіз.
2. Загрузка ПО и драйверов (Бағдарламалық құрал мен драйверлерді жүктеп алу) қойыншасын
таңдаңыз.
3. Өнім атауын немесе нөмірін енгізіңіз.
– немесе –
НР компаниясына өнімді автоматты түрде анықтауға мүмкіндік беру үшін, Определить (Анықтау)
түймешігін басыңыз.
4. Компьютер үлгісін және амалдық жүйе түрін таңдаңыз.
5. Diagnostic (Диагностика) бөлімінде қажетті UEFI нұсқасын таңдау және жүктеп алу үшін экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Remote HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) параметрлерін
пайдалану
Компьютер Remote HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралына қолдау көрсетеді. Бұл компьютерге HP PC
Hardware Diagnostics UEFI құралын жүктеп алатын шағын бағдарлама (BIOS) мүмкіндігі.
Ол компьютерде диагностиканы орындап, нәтижелерін алдын ала теңшелген серверге кері жүктейді.
Компьютер параметрлерін реттеу (BIOS) ішіндегі Remote HP PC Hardware Diagnostics параметрі арқылы
мына теңшеуді орындауға болады:
●
Диагностиканы қадағалаусыз орындау кестесін орнатыңыз. Әрі диагностиканы дереу интерактивті
режимде іске қосуға болады.
●
Диагностикалау құралдарын жүктеп алу орнын орнатыңыз. Бұл мүмкіндік HP веб-торабындағы
немесе пайдалануға алдын ала теңшелген сервердегі құралдарға қатынасты береді. Компьютер
қашықтағы диагностиканы орындау үшін дәстүрлі жергілікті жад құрылғысын (мысалы,
жинақтағыш диск немесе флэш-жад құралы) талап етпейді.
●
Тексеру нәтижелерін сақтау орнын орнатыңыз. Әрі кері жүктеу үшін пайдаланылатын пайдаланушы
аты және құпия сөз параметрлерін орнатуға болады.
●
Бұрын орындалған диагностика туралы күйі ақпаратын көрсетіңіз.
Remote HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) параметрлерін теңшеу
1. Computer Setup утилитасын ашу үшін, компьютерді қосыңыз немесе компьютерді өшіріп қайта іске
қосыңыз және НР логотипі экранға шыққанда f10 пернесін басыңыз.
2. Қосымша опциясын таңдап, Remote HP PC Hardware Diagnostics опциясын таңдаңыз.
3. Теңшеу таңдауларын жасаңыз.
4. Параметрлерді сақтау үшін Негізгі опциясын, кейін Өзгерістерді сақтау және шығу опциясын
таңдаңыз.
Remote HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) параметрлерін пайдалану 55